Цифрлық сауаттылық – заманауи тренд

Қысқаша

Цифрлық сауаттылық – заманауи тренд

Шымкент қаласындағы  Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет жайлы жылы пікірлер ел арасында көптеп айтылып жүр. Жастарға сапалы әрі заманауи білім беруге ұмтылған жоғары оқу орнында студенттерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Коворкинг орталығы мен Студенттер үйі ашылды. Мұндай бастамалардың маңызы зор. 

image.png

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізуді тапсырған болатын. Университеттегі коворкинг орталығының жұмыс істеуі студенттердің шығармашылық ізденісін арттыруға жағдай жасайтыны анық. Түрлі тақырыптардағы хакатондар, семинарлар  мен шеберлік сыныптарына қатысқан жастар маңызды да күрделі жобаларды командалық тұрғыда іске асыруға,  цифрлық сауаттылығын арттыруға  машықтанып, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады.  

Ж.Тәшенев университеті – техникалық мамандықтарға ғана емес, гуманитарлық мамандықтарға да басымдық беріп, заман  талабына сай инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын қалыптастыруды қолға алған. Сондай-ақ жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, техникалық ауыл шаруашылығы, сервистік және ветеринария салаларында білім береді. Университетте 35 бакалавр, 10 магистратура мамандықтарынан бөлек, толық ағылшын тілінде өтілетін «Бизнес әкімшілігі» мен «Басқарудың ақпараттық жүйелері» мамандықтары ашылып жатыр. Алдағы уақытта шетелдік профессор-оқытушылар сабақ беріп, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шет мемлекеттерге жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Оқу ордасында 9411 студент білім алса, 4268 түлек маман атанды. Сондай-ақ, магистратура мамандықтарында 1031 білім алса, 811-і магистр атанды. 

2024 жылғы қабылдау нәтижесінде аталған оқу орнында 20 – Алтын белгі, 50 – Үздік аттестат, 8 – Елбасы медалі, 14 – Халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары және 12 IELTS сертификаттарын иеленген оқу озаттары таңдау жасап, студент қатарына қабылданған екен. Атап айтсақ, мемлекеттік грант нәтижесінде – 96, «Тәшенев тартуы» бойынша – 150, «Қазақстан Халқына» қоры бойынша – 5, сонымен қатар қала әкімінің грантын – 49 студент иеленді.

Университте білім күніне орай өткен салтанатты шараға Ж.Тәшенев акционерлік қоғамының басқарма басшысы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшұлы, Шымкент қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Атақұлұлы, Университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қанат Сейтжанұлы және арнайы қонақтар мен студенттер, ата-аналар қатысты.

Мерекелік кеште грант иегерлеріне арнайы сертификат табысталып, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар тарапы болашақ студенттерге жылы лебіздерін білдірді.