Сыздықбеков қаланы жаяу аралады

Қысқаша

Сыздықбеков қаланы жаяу аралады

Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков басқарма басшыларымен бірге қаланы жаяу аралады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

image.png

Шаһар басшысы сондай-ақ, азаматтарды қабылдап, оларды ңталап-тілектерін тыңдады. Қабылдау  барысында «Шұғыла» шағынауданы, Қазына көшесінің тұрғыны Сырға Тәжібаева жер қатынастары саласына қатысты мәселесін көтерген болатын. Ғ.Сыздықбеков жауапты мамандарға бұл өтінішті қолданыстағы заңнамаға сәйкес зерделеу тапсырылды.

Сонымен қатар, қала әкімі «Дендропарк» қосалқы электр стансасының құрылыс барысымен танысты. Бұл станса мегаполисте салынып жатқан мөлтекаудандар мен мен әлеуметтік нысандарды сапалы жарықпен қамтамасыз ететін болады.

Одан әрі Ғабит Сыздықбенков Қаратау ауданындағы «Үш бұлақ» балалар лагеріне барды. Шаһар басшысы лагерьдің инфрақұрылымымен танысып, балалардың тамақтануы мен бос уақытын ұйымдастыруына, сондай-ақ нысанның кешенді қауіпсіздік жүйесіне баса назар аударды. Жауапты басқарма басшысына мектеп оқушыларының жазғы демалысы қауіпсіз, қызықты әрі пайдалы өту үшін тиісті барлық шара қабылдау бойынша тапсырма берді. Осы жерде айта кетері, Шымкенттегі жалпы орта білім беру ұйымдарының 232 мыңнан астам оқушысын жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде 9 494-і жергілікті бюджеттен 9 440-ы демеушілер есебінен және кәсіподақ тарапынан 90 бала қала сыртындағы лагерьлерде және 213 400 шәкірт мектеп жанындағы алаңдарда демалады.

Мектеп алаңдарында 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылды. Балалар қала сыртындағы 7 лагерде атап айтқанда, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек», «Көктөбе», «Тау шыңы» және «Арыс», «Машат - Арасан», «Гаваи» және «Тур база» лагерлерінде де ауысыммен демалуда. 

Бұл бағыттағы жұмыстар 20 маусымнан бастап Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Көлкент елдімекенінде орналасқан Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мемлекеттік «Ақсу» лагерінде ұйымдастырылуда. Балалар үйінің 114 тәрбиеленушісі қала сыртындағы «Үшбұлақ» лагерінде демалысын жалғастыруда. Бұл шаралар оқу жылының басталуына дейін ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ қала басшысы шетелдік инвестор “Guyi Holding Company” өкілдерімен кездесті. Аталған компания Шымкентте электромобиль шығару бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды қолға алып отыр. Жаяу аралау барысында әкім инвесторларды «Жұлдыз» индустриялық аймағымен таныстырды. Зауыт салуға мүмкіндік бар учаскелерді бірге аралады.

Бұдан бөлек шаһар басшысы  «Шымтау» жаңа тұрғын алабында да болды. Халық жарық пен газ мәселесін көтеріп, асфальт төсеу және қоғамдық көлік бағытын ұзарту бойынша өтініштерін білдірді. Әңгімелесу барысында барлық мәселелер өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Әкім бастаған топ 17 шағынаудан тұрғындарының да шағымын назардан тыс қалдырмады. Көпқабатты үйлердің ауласында мердігер мекеме ойын алаңын қиратып кеткен. Тексеру барысында олардың қателік жібергені анықталды. Енді компания жақын арада ойын алаңын өз қаражаты есебінен қалпына келтіріп, жаңа элементтермен толықтыратынын болады.