Сенат депутаттары Айгүл Қапбарова мен Әлішер Сатыбалдыиев Шымкент қаласына іс-сапар аясында №1,2 қалалық клиникалық ауруханалардың жұмысымен танысты.
- Ел аузында "Роща" деп аталып кеткен №1 клиникалық аурухана корпустарына қазір күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Шымкент медицинасында техникалық тұрғыдан күрделі әрі мамандардың кәсібилігін талап ететін органдарды трансплантациялау саласы қарқынды дамып келеді. Бұл үлкен жетістік. Бүгінде осы ауруханада жалпы саны 225 бүйрек, 35 бауыр алмастыру отасы жасалды. Тәулігіне шамамен 400 тен астам науқасқа көмек көрсететін хирургиялық бағыттағы ауруханада сапалы қызмет ұсыну үшін қабылдау бөлмесінен бастап жаңарыпты. Шұғыл медқызмет көрсетудің жаңа әдістері енгізіліп жатқанын байқадық. Бұл әдісті жетілдіре түсу керек. Клиникаға соңғы жылдары халықтан әсіресе науқастарды жедел қабылдау жағынан түрлі сын -ескертпелер болғанын ескерсек, бұл тиімді қолға алынған шара.. Әйтсе де соңғы алты ай ішінде 11 мыңға жуық науқас емделіп шыққан.
Ал Шымкент қаласындағы 2 қалалық көп салалы аурухананың ең бір ерекшелігі- әрі жетістігі осы жылы нейрохирургия орталығы және жүйке оқу орталығының ашылуы. Мұнда Ұлттық нейрохирургиялық орталығының білікті дәрігерлері тартылып, еңбек етуде. Ангиографиялық құрылғымен қамтылған. Демек, инсультпен түскен науқастарға ота жасауға толық мүмкіндік бар. Жоғары технологиялық медициналық көмекті қажет ететін 300 ден аса науқас жандардың сұранысына қарамастан "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" өте аз мөлшерде отаға рұқсат берген. Біз бұл мәселені өз бақылауымызға аламыз,--деп жазды осы сапар туралы сенатор Айгүл Қапбарова өзінің әлеуметітк желідегі парақшасынща.
Сенатор сондай-ақ, Шымкент қаласына іс-сапар барысында қолжетімді бағада салынып жатқан кредиттік тұрғын үйлер құрылысымен танысты. Ақжайық және Бозарық шағын аудандарында 1176 пәтерлі 35 кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы аяқталу үстінде.
1 бөлмелі пәтердің бағасы шамамен 10-12 млн теңгені құрайды.
- Қалада тұрғын үй кезегінде 51 мыңнан аса азаматтар тіркелген.
Оның ішінде, 30 мыңға жуығын халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар құрайды. «Отбасы банк» АҚ-да 175 мыңнан аса азаматтар әлеуметтік кредиттік тұрғын үй алуға жинақ шоттарын ашқан. Былтыр Мемлекет басшысы Шымкент қаласына іс-сапары барысында «халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында қолжетімді кредиттік тұрғын үйлер салу жұмыстарын арттыруды» тапсырған болатын
Аталған проблема бойынша жұмыс атқаратын боламыз.
Сонымен бірге тұрғын үймен қамту, мектеп салу, пайдаланылмай жатқан жеке адамдардың иелігіндегі жерлерді қайтару мәселесі бойынша жергілікті түрғындармен пікірлесіп, өтініштерін тыңдадым,-деп жазды сенатор.