«Киелі мекен» - сауабы мол акция

Қысқаша

«Киелі мекен» - сауабы мол акция

Шымкентте «Таза Қазақстан» тазалық акциясының екінші аптасы өте белсенді жүргізілді. «Киелі мекен» деп аталатын апталықта қоршаған табиғаты мен киелі жерлері үйлесім тапқан Шымқаланың тарихи орындарында тазалық жұмыстары жүргізілді . Жалпы, қала бойынша 5 ауданның коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері акция барысында белсенділік танытып, тазалау жұмыстарына өз үлестерін қосты. 

Screenshot_3.jpg

Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы Қарашаш ана кесенесі, Еңбекші ауданында орналасқан Т.Рысқұлов  гүлзарлары қоқыстан тазартылып, ағаштар әктеліп, кесене мен гүлзарлар жиналған қоқыстан тазаланды. Айналасындағы өскен шөптер орылып, абаттандырылды. 

Әл-Фараби ауданы аймағында орналасқан Д.Қонаев және Ә.Молдағұлова ескерткіштерінің маңы, «Шым қала» тарихи-мәдени кешені мен Абай ауданына қарасты «Темірші әулие» кесенесі, сондай-ақ, мен Тұран ауданындағы Тілеу Айтұлы батыр ескерткішінің айналасы ретке келтірілді. Арықтар тазаланып, отыратын орындықтар сырланып, гүлдер егілді.  Ескерткіштерден бөлек қала аумағында орналасқан саябақтар, сквер мен өлкетану мұражайларының аумағы да абаттандырылып, жиналған қоқыстар, сынған ағаштар шығарылып, айнала тазаланды. 

Жалпы,«Киелі мекен» апталығын патриотизм, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарауда, киелі құндылықтарды дәріптеуде, әсіресе жастарға өнеге болатындай маңызы жоғары. Аталған тазалық акциясына сәйкес Әл-Фараби ауданында орналасқан «Цитадель» аумағында санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Киелі аумақтың тазалық жұмыстарына ауданның ақсақалдары, ерікті жастар және аппарат қызметкерлері белсенді атсалысып қатысты. Жалпы, орындықтарды әрлеу, шөптерді ору, ағаштарды қырқу, әктеу, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы санитарлық тазалық іс-шарасына 11 арнайы техника, 130 дан астам адам жұмылдырылды. 

Апталыққа Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина ұйымдарының қызметкерлері де белсене қатысты. N2 қалалық аурухана қызметкерлері “Қасірет” мемориалы аумағына барып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Айналаны қоқыстан тазалады, сыпырды. Ал Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының қызметкерлері қаладағы Ж.Тәшенов ескерткіш аумағында тазалау жұмыстары жүргізді. 

№4 емхана қызметкерлері Shymqala этно-тарихи кешенінің аумағындағы қоқыстарды тазартып, көгалға күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Ағаштардың түптерін әктеді, қураған ағаштардан тазартты. 

«Қазақ халқы бірінші байлық денсаулық деп денсаулықты күтуге қатты көңіл бөлгені белгілі. Міне, сол денсаулықтың мықты болуы да тазалыққа қатысты екенін «тазалық – денсаулық кепілі» деген бір ауыз сөзбен көрсеткен. Деннің саулығы әр адам үшін қалай маңызды болса, тазалық та дәл сондай маңыздылыққа ие болу керек»-дейді, тазалыққа қатысқан медицина қызметкерлері.

Ал,  Абай ауданы қарасты Алтынтөбе тұрғын алабындағы мазарат аумағын ретке келтіруге 250- ден астам адам жұмылдырылды. Бұл сауапты іске ауданның тұрғындары, кәсіпкерлер де атсалысты.  Тазалық жұмысына қатысқандар мазараттың аумағын тазалап, шөптерді орып, ағаштарды бұтап, қурағанын кесті. Жел ұшырған қоқыс қалдықтардан, үйіліп тасталған қапшықтардан, ұйысып өскен әрі әбден сарғайған тікен шөптерден тазартты. 

Сондай-ақ, құлпытас орнатудан кейін жиналған қалдықтар шығарылды. 

Мазарат аумағын тазалауға 17 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 20 тонна қоқыс шығарылып, зират маңы едәуір тазарып қалды. Айта кетейік, бұл «Киелі мекен» апталығына орай ұйымдастырылған сауапты іс болды.