Басты мақсат – халықты тұрақты жұмыспен қамту

Қысқаша

Басты мақсат – халықты тұрақты жұмыспен қамту

Мемлекет басшысы өңірлерде 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орындарын құруды тапсырған болатын. Осы ретте, Шымкент қаласында 2024 жылы 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған.

Screenshot_9.jpg

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева  брифингте осындай дерек келтірді.  «Халықты жұмыспен қамту шараларына тарту және өтеусіз гранттар беру тәртібі туралы» сөз қозғаған басқарма басшысы әлеуметтік саланың басты мақсаты – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті. 

– 2024 жылдың 1 тоқсанындағы қорытындысымен 12,2 мың адам қатысып жоспар 22%  орындалды.  Оның ішінде: - 30,2 мың адам жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, нақты 9,2 мың адам қатысты; - 26,4 мың адамды  жаңадан құрылатын жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, нақты 3,0 мың жұмыс орны құрылып, азаматтар жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 273 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген шағын несие беріледі.

Халықты жұмыспен қамту шараларына қатыстырудың тағы бір тетігі  – қысқамерзімді кәсіптік оқыту. Бұл бағыт бойынша биыл  3 732 адамды кәсіптік оқуға қатыстыру жоспарланған.  Оның ішінде, 2 530 адам онлайн оқыту болса, есепті кезеңде  нақты 602 адам қатысты. 1 110 адам жұмыс берушілердің сұранысы және жұмыс берушілердің өзінде ұйымдастырылатын жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіптік оқытуға жолданып, 92 адам оқу ваучері бойынша ұйымдастырылады.

Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 4 176 адамды қатыстыру көзделсе, оның ішінде  3 750 адам «Бастау бизнес» жобасы  шеңберінде оқуға жолданып, 426 адамға қайтарымсыз грант беру көзделіп отыр. Есепті кезеңде  882 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша білім алып, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырды»,– деді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, Ж.Өтебаева субсидияланатын жұмыс орындары, жастарға шағын несие беру, қайтарымсыз грант мәселелеріне де тоқталды. «Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту  жоспарланып, жыл басынан бері  нақты 4 288 адам жолданған. Олар: - 170 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 138 адам; - 3 554 адам жастар практикасы, нақты 605 адам; - 1 910 адам ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 1 940 адам; - 1 031 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы, нақты 897 адам; - 20 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы жоспарлануда, нақты 7 адам; - 768 адам   «Күміс жас» жобасы, нақты 689 адам.

Одан бөлек, азаматтарды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша 14 846 адам жоспарланған, есепті кезеңде 3 653 адам жұмысқа орналасқан.

Осы ретте ескерте кететін жәйт, барлық жұмыс берушілерге қазіргі кезде қолайлы автоматтандрылған «Еңбек кз» порталы бойынша азаматтарды жұмысқа қабылдау жүйесі жұмыс істейді. Аталған порталға жұмыс беруші өзінде пайда болған бос жұмыс орындарын енгізе алады. Ал  жұмыс іздеушілер бүкіл республика бойынша бос жұмыс орындарымен танысып, өзіне қолайлы, әрі лайықты жұмыс берушілермен тікелей байланысқа шығып немесе жұмыс беруші резюмелерді қарап отырып біліктілік талаптары сәйкес келетін мамандармен тілдесіп, жұмысқа қабылдау мүмкіндіктері қарастырылған», – деді басқарма басшысы.

Халықты жұмыспен қамтуда қалада іске асырылып жатқан концепциялар мен қаланың 2021-2025 жылдарға арналған жоспары және жеке кәсіпкерлердің бастамасымен құрылып жатқан жұмыс орындарының орны айырықша. Шымкент қаласында 2024 жылға аталған бағыттар бойынша 26 482 жұмыс орны (тұрақты – 26 096, уақытша – 386) құрылатыны жоспарланған. Бұл орайда нақты 2024 жылдың алғашқы тоқсанында 3 089 адам жұмысқа орналасты.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, құрылған жұмыс орындарының есебі «Enbek.kz» порталы арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни  жаңа бизнес идеяларды іске асыру болып табылады. 

Сондай-ақ басқарма басшысы осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары ұйымдастырылуда екенін айтып өтті.

«Олар: атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар. Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша мынадай мақсаттар үшін: қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі.

Грант 400 АЕК мөлшерінде беріледі (2023 жылы 1350,0 мың теңге, 2024 жылы 3692х400=1476,0 мың теңге). Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар: Бірінші кезекте: «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарайды; Екіншіден: Еңбек және халықты әлеуметтік тарапынан әзірленген «Busіness.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс»,– деді Жанат Өмірсейітқызы. Ал өтінім беру үшін алдымен порталға тіркелу керек, сондай-ақ грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту қажет. Порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу, өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қоюы керек.

Басқарма басшысының айтуынша, 2024 жылы грант екі лекте, яғни 2024 жылдың сәуір айы (213 адам) және маусым (213 адам) айларында беріледі. Жалпы жоспар – 426 адам. Бірінші лек 2024 жылдың 8 сәуірінен-18 сәуірге дейін өтінімдер жоғарыда айтып өткен порталда қабылданады.

Ұсынылған өтінімдер арнайы құрылған комиссияның алдында әрбір азамат бизнес жоспарын таныстырады. Комиссия құрамына кәсіпкерлер палатасы, мүдделі басқармалар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылар кіреді.

Комиссия мүшелері бизнес жобаларының өміршендігі, экономикалық өзектілігі, қоғамдық маңыздылығы  қарап қорытынды шығара отырып, хаттама түзеді.

Сондай-ақ Жанат Өмірсейітқызы грант иегерлеріне қойылатын талаптар жөнінде айтып өтті.  «Жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкерге беріледі.  Үміткердің «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы және  грант иегері ұтқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық органдарында өз қызметін тіркеуге міндетті. Сонымен қатар busіness.enbek.kz порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай бойы тоқсан сайын растап есебін тапсырады.

Грант алушыға қаражаттың нысаналы мақсатты пайдалану бойынша еңбек мобильділігі орталығы тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Қаражат мақсатсыз жұмсалған жағдайда қаражат толық қайтаруға жатады.

Сонымен қатар айта кететін жағдай грант қаражаты тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және жер учаскелерін сатып алуға берілмейді», – деді Жанат Өмірсейітқызы.