Егер Қазақстанның аймақтарында қатаң санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары сақталса, кейбір өндіріс орындарының жұмысы қайта іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді.
"20 сәуір күні Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі жеңілдетіліп, өндіріс орындары, құрылыс пен кейбір қызмет көрсету мекемелері өз жұмыстарына қайта кірісті", - деді премьер-министр.
Қазақстанның эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин режимі тағы да жеңілдетіліп, басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілердің жұмысқа шығуларына рұқсат беріледі.
"Еліміздің басқа да облыстарында осында шаралар жүзеге асырылатын болады. Алайда ұйымдардың жұмыстарын жалғастыруына қатаң санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік сақталған жағдайда ғана рұқсат беріледі", - деп қосты Мамин.
Еске салайық, 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында кейбір кәсіпорындар жұмысқа қайта кіріскен еді.