Егер Қазақстанның аймақтарында қатаң санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары сақталса, кейбір өндіріс орындарының жұмысы қайта іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент бүгіннен бастап елдегі төтенше жағдай режимі аяқталғанша карантинге жабылды. Осыған қарай қала әкімі Мұрат Әйтенов қалың көпшілікке үндеу жариялады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты.