Төлеби - Қазақстанның Швейцариясы

Қысқаша

елуге жақын туристік орталық жұмыс істеп тұр.

image.png

“Қазақстанның Швейцариясы” атанған Төлеби ауданының тау жоталарында Алатау мен Жабағылы, Балдыберек, Бұғылытау, одан Талас Алатауының батыс сiлемдерi жатыр. Қазір осы тау шатқалдарында ірілі-ұсақты елуге жақын туристік орталық жұмыс істеп тұр. Солардың бірі әйгілі Біркөлік шатқалында орналасқан “SHYMTAU” демалыс орны. 

image.png

“SHYMTAU” қонақтарға мынадай қызметтерді ұсынады: Егер заманауи демалыстты қаласаңыз барлық жағдайы қарастырылған қонақ үйлерге жайғасуға болады. Ал егер этно демалысты қаласаңыз онда киіз үйлердің егісі сіздерге әрдайым ашық. Сонымен қатар таза ауамен тыныстап, табиғатқа көз жүгірткңіз келсе тапшандарға жайғасуға болады.  Мұнда келушілерге денсаулыққа пайдасы көл-көсір қымыз ұсынылады.   Сондай-ақ алтыбақан теуіп, көңілді көтеруге болады.

image.png

Салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін спорт алаңдары салынған.  Ал балалар  «Сәби Сити» ойын алаңшасында уақытын қызықты өткізе алады.   Демалыс орны 100 адамға дейін мерекелік кештерге тапсырыс қабылдайды. 

image.png