Мұнайдың артынан құнды металлдардың бағасы төмендеп кетті

Қысқаша

Мұнай бағасының түсуіне байланысты әлемде бағалы металлдардың құны құлдырап кетті, деп хабарлайды Stan.kz​ ақпарат агенттігі.

Мұнай бағасының түсуіне байланысты әлемде бағалы металлдардың құны құлдырап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full1587525786793ae4882164e9a2f42eecf616059b54.jpg

21 сәуір күні өткен сауда нарығында алтын бір пайызға, ал палладий бірден 10%-ға арзандапты. 

Қазіргі таңда мұнай бағамының күрт арзандауы себебінен туындаған аласапыран барысында инвесторлар өздерінің құнды металлдарын сатып жіберуге асығуда. Алтынның бір унциясы 1,665 мың долларға бағаланса, палладийді 1,947 мың долларға сатып алуға болатын көрінеді. 

Еске салайық, WTI маркалы мұнай бағамы минус 40 долларға дейін түсіпті. Одан кейін дүниежүзіндегі басқа да маңызды мұнай түрлері де арзандаған. 

Жағдайды түзеу үшін Сауд Арабиясы мұнай кенін өндіруді қысқарту туралы шешімге келіпті. Десек те Эр-Рияд үкіметі жағдай әлі тұрақталады деген үмітте екендігін айтып кеткен.