Тау баурайындағы жайлылық әлемі

Қысқаша

Тау баурайындағы жайлылық әлемі

image.png

Төлеби ауданының Біркөлік ауылында орналасқан «Алтын Тау» демалыс аймағы табиғат аясында жайлы тынығуды қалайтындар үшін қолайлы туристік нысандардың бірі саналады. Тау бөктеріндегі таза ауа, көркем табиғат және заманауи қызмет көрсету кешеннің келушілер арасында сұранысқа ие болуына мүмкіндік беріп отыр.

image.png

Кешен аумағында екі жатын бөлмесі мен кең қонақ бөлмесі бар алты жайлы коттедж орналасқан. Әрбір коттедждің жанында табиғат аясында демалуға арналған тапшан қарастырылған. Бұл қонақтарға таза ауада тынығып, тау табиғатының сұлулығын тамашалауға мүмкіндік береді.

image.png

Демалыс орнының инфрақұрылымы отбасылық демалысқа толық бейімделген. Мұнда ересектерге арналған екі үлкен бассейн мен балалар бассейні жұмыс істейді. Сонымен қатар бүлдіршіндерге арналған ойын алаңы мен арнайы балалар мәзірі қарастырылған.

Белсенді демалысты ұнататындар үшін атпен серуендеу, PlayStation ойын аймағы ұйымдастырылса, тынығып, бой сергітуді қалайтындарға монша қызметі ұсынылады. Кешенде кәсіби аспаз дайындайтын ұлттық және еуропалық тағамдар ұсынылып, караоке залы қонақтардың көңілді уақыт өткізуіне мүмкіндік береді.

image.png

Табиғаттың көркем келбеті, таза тау ауасы және сапалы қызмет көрсету мәдениетін үйлестірген «Алтын Тау» демалыс аймағы бүгінде Біркөлік шатқалындағы туристер жиі таңдайтын демалыс орындарының біріне айналып, өңір туризмінің дамуына өз үлесін қосып келеді.

image.png