Саумал ішіп сауығыңыз!

Қысқаша

Саумал ішіп сауығыңыз!

image.png

Төлеби ауданының Біркөлік ауылында орналасқан «Бүркіт ұясы» саумалмен сауықтыру орталығы табиғат аясында тынығып қана қоймай, денсаулығын нығайтуды қалайтын жандар үшін қолайлы орындардың бірі саналады. Таза тау ауасы мен табиғи емдеу тәсілдерін ұштастырған орталық өңірдегі сауықтыру туризмінің дамуына өзіндік үлес қосып келеді.

Орталықта келушілерге кешенді сауықтыру қызметтері ұсынылады. Демалушылар күніне үш мезгіл жаңа сауылған саумал, бір мезгіл қымыз және ешкі сүтін тұтынып, табиғи өнімдердің шипасын сезіне алады. Сонымен қатар емдік шай ұсынылып, ағзаны табиғи жолмен сергітуге мүмкіндік жасалған.

Сауықтыру бағдарламасы емдік массаж және парафинмен емдеу секілді процедуралармен толықтырылған. Бұл қызметтер демалушылардың денсаулығын жақсартуға және ағзаның қалпына келуіне ықпал етеді.

Орталық аумағында жанұялық демалысқа арналған жайлы коттедждер мен қонақ бөлмелері, монша және бассейн жұмыс істейді. Ал табиғатты сүйетін қонақтар үшін тау бөктеріне серуен ұйымдастырылып, өңірдің көркем табиғатын тамашалауға мүмкіндік беріледі.

Табиғи ем мен жайлы демалысты үйлестірген  «Бүркіт ұясы» саумалмен сауықтыру орталығы бүгінде денсаулықты нығайтып, тыныштық құшағында демалуды қалайтын туристердің сұранысына ие орындардың біріне айналып отыр.

image.png