Тау табиғаты – саулықтың қайнары

Қысқаша

Тау табиғаты – саулықтың қайнары

image.png

Төлеби ауданындағы Біркөлік  шатқалы табиғатының көркемдігімен ғана емес, жайлы демалыс ұсынатын туристік нысандарымен де ерекшеленеді. Солардың бірі – «Asem Ay» шипажай-демалыс кешені. Таза тау ауасы мен табиғаттың әсем көрінісін үйлестірген кешен отбасымен және достармен тынығуға қолайлы орындардың бірі саналады.

Кешен аумағында қонақтардың жайлы демалысы үшін барлық қажетті жағдай қарастырылған. Мұнда жайлы коттедждер мен қонақүй нөмірлері жұмыс істейді. Бөлмелер кереует, киім шкафы, ауабаптағыш және өзге де қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

image.png

Демалыс кешенінде келушілерге қызмет көрсететін мейрамхана, караоке залы, табиғат аясында тынығуға арналған тапшандар, беседкалар мен мангал орындары бар. Сонымен қатар екі бассейн мен сауна жұмыс істеп, қонақтардың жайлы әрі мазмұнды демалуына мүмкіндік жасайды.

Табиғаттың көркем келбеті мен сапалы қызмет көрсету мәдениетін ұштастырған «Asem Ay» шипажай-демалыс кешені бүгінде Біркөлік  шатқалына келетін туристердің сұранысына ие демалыс орындарының бірі болып, өңір туризмінің дамуына өз үлесін қосып келеді.

image.png