Туристердің таңдауы түскен - «Рахат»

Қысқаша

Туристердің таңдауы түскен - «Рахат»

image.png

Төле би ауданындағы Біркөлік шатқалы табиғатының әсемдігімен ғана емес, туристерге қолайлы жағдай ұсынатын демалыс орындарының көптігімен де ерекшеленеді. Солардың бірі – Біркөлік шипажайының маңында орналасқан «Рахат» демалыс аймағы.

Кешен келушілерге жайлы әрі мазмұнды демалыс өткізуге барлық мүмкіндік ұсынады. Мұнда қонақүй, банкет залы, ашық бассейн, табиғат аясында тынығуға арналған тапшандар, би алаңы және спортпен айналысуға арналған стадион жұмыс істейді. Сондықтан демалыс орны отбасылық тынығуға ғана емес, мерекелік іс-шаралар мен ұжымдық кездесулерді өткізуге де қолайлы.

image.png

Қонақтарға арналған коттедж бөлмелері жайлы демалысқа қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген. Ал ашық аспан астындағы тапшандар түрлі көлемде ұсынылып, шағын немесе үлкен топ болып демалуға мүмкіндік береді.

Табиғаттың көркем келбеті, таза тау ауасы және дамыған инфрақұрылымы үйлескен «Рахат» демалыс аймағы бүгінде Бұрғылық шатқалына келетін туристер жиі таңдайтын демалыс орындарының бірі ретінде өңір туризмінің дамуына өз үлесін қосып келеді.

image.png