«Ауылым» – қазақы қонақжайлықтың көрінісі

Қысқаша

«Ауылым» – қазақы қонақжайлықтың көрінісі

image.png

Төлеби ауданының көрікті табиғатымен ерекшеленетін Алатау ауылдық округінде орналасқан «Ауылым» демалыс кешені табиғат аясында жайлы тынығуды қалайтындар үшін қолайлы орындардың бірі саналады. Отбасылық демалысқа бағытталған кешен келушілерге сапалы қызмет пен жайлы жағдай ұсынады.

Демалыс орнында қонақтардың тынығуына қажетті барлық жағдай қарастырылған. Кешен аумағында таза бассейн, сауна және жайлы демалыс кабиналары жұмыс істейді. Табиғат аясында тағам әзірлеуді қалайтындар үшін барбекю аймағы мен қазан пайдалануға беріледі.

Кешен қызметкерлері келушілерді жылы қарсы алып, сапалы қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөледі. Қонақжайлық пен жайлы атмосфераның арқасында бұл демалыс орны өңір тұрғындары мен туристердің жиі таңдайтын орындарының біріне айналып келеді.

Таза тау ауасы, табиғаттың әсем көрінісі және қолайлы инфрақұрылым «Ауылым» демалыс кешенін Төлеби ауданындағы тартымды туристік нысандардың қатарына қосып отыр.