
2025 жылдың 1 тоқсанында статистикалық есеп бойынша Төлеби ауданына келген туристер саны-4345 адам болса, 2026 жылдың 1 тоқсанында-11711 адам болып 269,5 пайызға артты. Туризм саласында көрсетілген қызмет 1 тоқсан 2025 жылы-318,9 млн болса, 1 тоқсан 2026 жылы-522,0 млн жетіп, 163,7 пайызға артып отыр.
Төлеби ауданындағы табиғаты көркем Біркөлік шатқалы туристер көп баратын демалыс орындарының бірі саналады. Осы шатқалда орналасқан "Ұлы тау" жайлы демалыс кешені табиғат аясында тынығып, таза тау ауасымен тыныстауды қалайтын қонақтарға қолайлы жағдай ұсынады.

Кешен аумағында ағаштан салынған жайлы коттедждер орналасқан. Әр коттедж бір жатын бөлмеден және кең қонақ бөлмесінен тұрады. Бөлмелер теледидармен, душ бөлмесімен, жайлы кереуеттермен және қажетті жиһаздармен жабдықталған. Мұнда отбасы мүшелері немесе шағын топ болып жайлы демалуға мүмкіндік бар.
Демалыс орны жылдың жылы мезгілінде тұрақты түрде келушілерді қабылдайды. Қонақтардың жайлы тынығуы үшін сауна, ересектер мен балаларға арналған екі бассейн, табиғат аясында демалуға арналған тапшандар қызмет көрсетеді.
Кешенде шығыс асханасының тағамдары ұсынылып, келушілерге сапалы қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Табиғаттың көркем келбеті мен жайлы инфрақұрылымды үйлестірген бұл демалыс орны Бұрғылық шатқалына келетін туристердің сүйікті мекендерінің біріне айналып келеді.

