
Төлеби ауданындағы демалыс орындарының қатары жыл сайын көбейіп, туристерге қолайлы жағдай ұсынатын заманауи нысандардың саны артып келеді. Солардың ішінде келушілердің ерекше ықыласына бөленген орындардың бірі – «Asemtau» демалыс аймағы.
Алатау ауылдық округіне қарасты Екпінді ауылында орналасқан бұл кешен жаздың аптап ыстығында салқындап, табиғат аясында жайлы тынығуға мүмкіндік береді. Көрікті табиғатпен қоршалған демалыс орны жыл сайын мыңдаған қонақты қабылдап, өңір туризмінің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Мұнда келушілерге жайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінген.

«Asemtau» демалыс аймағында қонақтарға арналған жайлы коттедждер, тау табиғатын тамашалап, таза ауамен тыныстауға арналған кең тапшандар, мөлдір суы бар бассейн және көңілді демалысты қалайтындар үшін би алаңы қарастырылған. Сонымен қатар балалардың қауіпсіз әрі қызықты уақыт өткізуіне арналған ойын алаңшасы, әткеншектер мен сырғанақтар да жұмыс істейді.
Күнделікті қарбалас тіршіліктен бір сәт тынығып, тау самалын сезініп, табиғат аясында демалуды қалайтындар үшін «Asemtau» демалыс аймағы – жайлылық пен әсем табиғат үйлескен таңдаулы орындардың бірі.

