Сот төрелігін сапалы атқару маңызды

Қысқаша

Сот төрелігін сапалы атқару маңызды

Заңның әділ үстемдігін қамтамасыз ете отырып, халықтың сот төрелігіне сенімін арттыру, сот билігінің беделін көтеру, істерді сапалы қарайтын кәсіби білікті судьялар корпусын қалыптастыру, біркелкі болжамды сот тәжірибесін орнықтыру, сот актілерінің сапасын көтеру – қазіргі кезде елімізде іске асырылып жатқан сот реформасының басты бағыттары  болып саналады. Сондықтан бұл реформаның жүзеге асырылуы соттардың сот төрелігін сапалы атқаруына тікелей байланысты. 

Screenshot_24.jpg

Жамбыл облысында 2023 жылдың алты айында бірінші сатыдағы соттармен 8 350 азаматтық іс өндірісімен аяқталып, оның ішінде 4 822 іс шешім шығарумен қаралған. Апелляциялық тәртіппен 26 шешімнің (0,5%) күші жойылған, 40 шешім (0,8 %) өзгертілген. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Әкетаевтың мәлімдеуінше,  2023 жылдың 1 жартыжылдығында соттарға жанұя-неке даулары бойынша 2432 талап қою түссе, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы уақытында 2683 болған. Оның ішінде биыл 1871 азаматтық іс қозғалса, былтыр 2040 іс қозғалған. Яғни, былтырғымен салыстырғанда 169 іске кем болған. Сондай-ақ  неке бұзу туралы істердің саны азайған.  2023 жылдың 1 жартыжылдығында 1344 неке бұзу туралы іс қаралса, былтыр 1452 іс қаралған, яғни 108 іске кем. 

Елімізде сот саласы  реформаларының негізгі нысанға алып отырған мәселесі – сот билігінің тәуелсіздігі. Мемлекеттің демократиялық көрінісі – сот билігінің тәуелсіздігі мәселесімен анықталады. Мемлекеттік биліктің ішінде соттың тәуелсіз жұмыс атқаруы маңызды рөл атқарады. Сондықтан да мамандардың пікірінше, алдағы реформалардың басты нысанға алатын мәселесі – тәуелсіздік мәселесі. Сондай-ақ сарапшылар құқықтық саясат – құқықтық мәдениеттің құрамдас бір бөлігі екенін айтады. Құқықтық саясаттың  соңғы бір  жылдағы  жұмысын бағалаушылардың пікірінше,  саяси реформаларға көбірек көңіл бөлінген. Яғни, конституциялық реформаларға көбірек мән берілді. Президенттің «Халық үніне асатын мемлекет» концепциясы бойынша, ауылдың, округтердің әкімдері сайлана бастады. Ал 2024 жылдан бастап аудан әкімдері сайланбақ.