Бейімделген нысандар саны артуда

Қысқаша

Бейімделген нысандар саны артуда

Елімізде 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылуда.

Screenshot_22.jpg

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың объект анықталған,  яғни  2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 нысан сай келуі қажет. Ал биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 9 128 нысан бейімделді. 

Осы орайда,  өткен 2 жыл ішінде партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша Түркістан облысындағы 4,5 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтың жұмысқа тұруына жағдай жасалғанын атап өтелік. Алдағы 5 жылда бұл көрсеткіш 6,7 мыңға жеткізілмек. Одан бөлек, облыста 466 әлеуметтік нысан бейімдеуден өткен болса, алдағы 5 жылда 1300-ге жуық нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланып отыр. Осыған дейін өңірдегі 1000 мектептің 85%-ы инклюзивті білім беруге қол жеткізсе, 2027 жылға дейін бұл көрсеткіш 100%-ға жететін болады.

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында 418 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері, оның ішінде 308 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген. Солтүстік Қазақстан облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1294 объектіні бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 776 нысанның 418-інде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді. Мәселен, өңірде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді: мемлекеттік мекемелер – 66, денсаулық сақтау – 29, білім беру нысандары – 112, әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де объектілері – 101.Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 358 нысанды бейімдеу жоспарлануда.