Ауыл әкімдерін сайлау – маңызды қадам

Қысқаша

Ауыл әкімдерін сайлау – маңызды қадам

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 9 шілдеге әкім сайлауын өткізу белгіленген. Яғни осы күні Мақтаарал ауданы Бірлік ауыл округының әкімі сайланады.

Screenshot_4.jpg

Мемлекет басшысы әкімдер биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі екенін айта келе, сайлауды дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын ескерткен болатын. Сондай-ақ Президент әкімдердің қызметіне қарап жұрт бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайтынын, сондықтан сайлау тиімді мемлекет және әділетті қоғам талаптарына сай болуы тиіс екенін атап көрсетті. Осы орайда өңірде ауыл әкімдерін сайлауға ерекше мән берілуде. Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 9 маусымдағы отырысында Бірлік ауыл округы әкімінің орынбасары, Қоңырат ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған Сакен Кенжеевті ауыл округы әкімдігіне кандидат ретінде тіркеді. Сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиясы 14 маусымдағы отырысында «Мырзакент 2020» ЖШС-ы басшысы, Мырзакент кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынған Үсен Байжановтың, Бірлік ауыл округы әкімі аппаратының жетекші маман- салық агенті, Атакент кентінің тұрғыны, өзін- өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі Сұңқар Татеевтің ауыл округы әкімдігіне кандидат ретінде тіркегенін хабарлады. Яғни ауыл әкімін сайлауда тұрғындар өз таңдауын жасап, үміткерлердің біріне тоқталары анық.

Сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару¬ды дамытудың келесі қадамының бірі – 2024 жылы облыстарда аудан әкім¬дерінің тікелей сайлауын өткізу. Бұл сайлауда да кандидаттарды өз мүшелері арасынан саяси партиялар ұсынады және азаматтар өзін-өзі ұсынуына да болады. Бұл орайда тұрғындардың, яғни сайлаушылардың белсенділігі – жер¬гі¬лік-ті өзін-өзі басқару органдарының тиімді қызметінің басты шарты. Мемле-кеттік органдар, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары халықпен кері байланыстың қазіргі заманғы құрал¬дарын тиімді пайдалануы маңызды. Ауыл әкімінің азаматтар алдындағы ашықтығы мен есептілігі деңгейін арттыру да жергілікті жердегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға оң септігін тигізері анық. Сондай-ақ  жергілікті тұрғындардың шешімдер қабылдауға араласуы басқару сапасын өзгертуге, аза¬мат¬тық белсенділікті арттыруға, мем¬лекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін ашық етуге тиіс.