Мемлекеттік органдар осылай жұмыс істеуге міндетті

Қысқаша

Мемлекеттік органдар осылай жұмыс істеуге міндетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде қоғам тынысы әрдайым назарда болуы өте маңызды екенін атап өтті. Шешім қабылдағанда жұрттың ұсыныс-тілектерін, пікірін ескеру қажет.

Screenshot_3.jpg

Барлық құзырлы органдар осындай тәсілмен жұмыс істеуге міндетті. «Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Түптеп келгенде, бұл – тұрақтылық пен тыныштықтың, өсіп-өркендеудің кепілі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мән-маңызы, өзегі – осында», деді Президент. 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес Түркістан облысында тұрғындарды мәселелері бойынша қабылдау кестеге сәйкес жүргізілуде. Мысалы, жуырда «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті жеке қабылдауды облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров тұрғындарды толғандырған мәселелерін тыңдап, өтініштері мен ұсыныстарына құлақ асты. Жеке қабылдауға Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан 30-ға жуық азамат келді. Кездесуге келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй алуға ықпал етуді сұрады. Өтініш иелеріне тұрғын үй тек қолданыстағы заңға сәйкес кезек реттілігімен берілетіні түсіндірілді. Одан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, қаржылай көмек көрсету, денсаулық саласына қатысты мәселелер, кәсіпкерлікті дамытуға қолдау білдіру, жол және тағы басқа мәселелер қозғалды.

Айта кетейік, жеке қабылдаулар бекітілген кестеге сәйкес жалғасын табады.