Кәсіпкерлік нысандар қалыпты жұмыс істеп жатыр

Қысқаша

Кәсіпкерлік нысандар қалыпты жұмыс істеп жатыр

5e7309be19b22.jpg

Түркістан қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты. Халық күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасының жай-күйiн, сауда орындары мен базарлардағы азық-түлiк қорын бағамдау және санитарлық жағдайын қарау мақсатында облыс əкiмiнiң орынбасары М.Мырзалиев бастаған облыстық Кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Бəсекелестiк қорғау департаментi, Түркiстан қаласы əкiмдiгi мен Тұрақтандыру қорының мамандарынан құралған жұмысшы топ Түркiстан қаласындағы бiрқатар нысандарды аралап шықты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Атап айтқанда, «Шапағат», «Дастарқан», «Бәйтерек» сауда орындары, «Əзиз», «Қуаныш» базарлары мен əлеуметтiк дүкендердiң қалыпты режимде қызмет iстеп жатқандығын, азық-түлiк қорының жеткiлiктi екендiгiн жəне бағалардың негiзсiз ɵсiмi орын алмағандығына кɵз жеткiздi. 

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу және жасанды тапшылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық орындарда санитарлық және дезинфекциялық шараларды қолдану керектігі айтылды. Сондай-ақ, сауда орындары басшыларымен тɵтенше жағдай кезеңiндегi талаптардың орындалуын қатаң сақтау ескертiлдi. 

Түркістан қаласында азық-түліктің бағасын негізсіз өсуін бақылау мақсатында қауырт желі іске қосылды.