Төлеби ауданында туристік нысандардың қатарын жыл санап артып келеді. Солардың бірі Қасқасу ауылдық округінде былтыр «Қаратау» ЖШС-гі есебінен инвестициялық құны 200 миллион теңгені құрайтын демалыс кешені ашылған болатын. Кешеннің сиымдылығы 50 орынды құрап, 7 жаңа жұмыс орындары ашылған.
Жайдары жазда ғана емес жылдың өзге де мезгілінде қонақтарды қабылдауға дайын бұл демалыс орнының ерекшелігі Қасқасу шатқалының бөктерінде орын тепкен. Мұнда келушілер сұлу табиғатты ығайлы тапшандарда отырып, дәмі тіл үйірген астан дәм тата отырып, тамашалай алады. Сондай-ақ Қасқасудың тылсым, жұмбаққа толы тасы мен шатқалдарын көзбен көріп, серуендеуге мүмкіндік бар. Тамаша табиғат аясы фотосессия жасауға өте ыңғайлы.