«Жұлдызда» 10 компания құрылыс жұмыстарын бастады

Қысқаша

"Бүгінде 25 компания қызығушылық танытып отыр. Бұл ретте жобалардың инвестииялық салым сомасы 100 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде бүгінгі таңда 10 компания құрылыс жұмыстарын бастады",- дейді басқарма басшысы.

Screenshot_14.png

Индустриалды аймақтар қала экономикасының дамуына зор үлес қосып жатыр. Олар қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер десек те артық айтқандық емес. Себебі, өндірістік аймақтарда дайын өнімдер өндіріліп, сол шығарылған тауардан түскен пайданың бір бөлігі шаһар бюджетіне салық ретінде түседі. Нақты айтар болсақ, Шымкенттегі қос индустриалды аймақтың территориясы 427 гектарды құрайды. Оған 90 миллиард 100 миллион теңге инвестиция құйылған. Нәтижесінде индустриялық аймақтар құрылғалы онда орналасқан кәсіпорындар 260 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, оның 110,9 млрд. теңгелік өнімін шетелдерге экспорттаған. Индустриалық аймақ қатысушылары 5 500 адамды жұмыспен қамтып, мемлекеттік бюджетке 19,5 млрд. теңге салық төлеген.  Соның нәтижесінде қаланың экономикасы тұрақталып, халықтың жұмысқа орналасуы арқылы әлеуметтік мәселесі шешімін табуда.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебековтің айтуынша, бүгінде Шымкенттегі «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтары өндіріс орындарына жүз пайыз толған. Ендігі кезекті қала экономикасының әлеуетін барынша арттыру мақсатында тағы 4 индустриалды аймақ ашу жоспарланып отыр.

Оның біріншісі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. "Жұлдыз" индустриалды аймағы 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Жаңа индустриалды аймақтың аумағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы қамтылмақ. Бес мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құрай отырып, 200 миллиард теңдеген астам сомаға 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде. 

"Бүгінде 25 компания қызығушылық танытып отыр. Бұл ретте жобалардың инвестииялық салым сомасы 100 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде бүгінгі таңда 10 компания құрылыс жұмыстарын бастады",- дейді басқарма басшысы. 

Индустриалды аймақта инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасалмақ. Бүгінде дейін индустриалды аймақтарда кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету бағытында «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламалары табысты іске асып келеді. Бұл қала экономикасының дамуына үлес қосып, халықты жұмыспен қамтуға, тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді. 


    A+
Уақыты: 2021-11-22  Айдарша: Өңір
TAG: