Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өндірісті ұлғайтып, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға және елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.
Облыс орталығында 8 қабатты көпсалалы медициналық орталық салынуда. 570 төсек-орынға шақталған заманауи емдеу кешені — Қазақстан Республикасында жоспарланған ірі жиырма аурухананың алғашқысы. Инвестициялық жобаны Денсаулық сақтау министрлігі арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында YDA Group түрік инвесторы жүзеге асыруда. Заманауи аурухананың жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден асады. Әлемдік стандарттарға сай салынып жатқан аурухана толық пайдалануға берілгеннен кейін 2000-нан астам медицина қызметкері тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жобаға сәйкес, мұнда 13 бейінді бөлімше, сондай-ақ жүрек-қантамыр және коронарлық реанимация, гематология, оның ішінде күйікпен емдеудің 2 қарқынды терапиясы (ICU) төсегі жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, көпсалалы аурухана қабырғаларында 16 операциялық бөлме, оның ішінде 13 жоспарлы және 3 шұғыл көмек жұмыс істейтін болады.
Айта, кетейік, Түркістан облысында 910389 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. Соңғы тәулікте 1743 адам екпе қабылдаған. Облыста екінші компонентпен (ревакцинация) 807715 адам вакцина салдырды.
Түркістан облысының 44264 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.