Киберқылмыспен күресте азаматтардың қырағылығы маңызды

Қысқаша

Киберқылмыспен күресте азаматтардың қырағылығы маңызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары онлайн алаяқтық мемлекеттің және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келтіріп жатқанын айта келе, киберқылмыспен күресу үшін антифрод-орталығы құрылғанын мәлім еткен болатын. 

image.png

«Биометриялық анықтау жүйесі енгізілді. Банктердің, микроқаржы ұйымдарының, байланыс операторларының жауапкершілігі күшейтілді. Дегенмен, бұл мәселеге жіті назар аудару қажет»,– деді Мемлекет басшысы. 

Бұл сөздер, әсіресе, бүгінгі интернет алаяқтықтарының қоғам үшін қаншалықты ауыр қауіп болып тұрғанын көрсетсе керек. Көптеген азаматтар өз қаржысының немесе жеке ақпараттарының ұрлануынан зардап шегіп, осы қылмыстардың құрбанына айналуда. Осыған орай, мемлекет тарапынан қабылданған шаралар, оның ішінде жаңа технологиялардың енгізілуі маңызды қадамдар болып табылады, бірақ бұл мәселені түбегейлі шешу үшін қоғамның, сонымен қатар әрбір азаматтың заңға деген құрметі мен жауапкершілігі қажет-ақ.

Киберқылмыстармен күресу үшін қабылданған шаралар, әсіресе, «антифрод-орталығы» мен «биометриялық анықтау жүйесінің» енгізілуі, әлбетте, маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстар құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдар тарапынан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар, банктер мен қаржылық ұйымдар жауапкершілігінің күшеюі мен қауіпсіздік шараларының арттырылуы да осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Алайда, интернет алаяқтықтарының алдын алу және олармен күресу мәселесіне мемлекет тарапынан ғана емес, қоғамның да жіті назар аударуы қажет. Бұл тұрғыда «Заң мен тәртіп» қағидаты ерекше мәнге ие. Құқықтық мемлекетте әрбір азамат өз міндеттерін орындап, заңды құрметтеу арқылы ғана жалпы қоғамның қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ете алады. Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігін арттыру, осы қылмысқа қарсы жүйелі күрес жүргізудің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл бір жағынан қоғамда тәртіп орнату, екінші жағынан заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдардың бірі.

Шымкентте қаласы тұрғынының 25 миллион теңге сомасында қаржылық шығынға ұшырап, интернет алаяқтарының құрбаны болуы бұл мәселенің неғұрлым өткір екенін көрсетеді. Одан кейін алаяқтар қала тұрғынымен тағы да байланысқа шығып, қосымша қаржы алуға тырысқан. Бейнеқоңырау арқылы жәбірленушіге жалған ақпарат таратылып, оның сенімі манипуляцияланған. Алайда бұл жағдайдан кейін жәбірленуші киберполицияға дер кезінде жүгініп, қылмыскерлердің әрекетінің алдын алды. Полиция қызметкерлері жәбірленушіге алаяқтардың әрекет ету тәсілдерін түсіндіріп, болашақта осындай жағдайларға тап болмас үшін қауіпсіздік шараларын қабылдау қажеттігін айтты.

Бұл оқиға интернет алаяқтарының жаңа әдіс-тәсілдерінің қаншалықты дамып отырғанын көрсетеді. Қазіргі таңда интернет алаяқтары өз әрекеттерін тіпті виртуалды кеңістікте де жүзеге асырып отыр. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да онлайн платформалар арқылы өз құрбандарын табады. Интернет алаяқтықтары тек қаржылық шығындарға ғана әкеліп қоймай, азаматтарды психологиялық тұрғыдан да қатерге ұшыратады. Алаяқтардың манипуляциялары көбінесе олардың құрбандарын қиын жағдайға түсіріп, олардың өміріне теріс әсер етеді.

Президент Жолдауында айтылған «киберқылмысқа қарсы күрес» шаралары осы мәселені шешуде маңызды рөл атқарады. Әрине, мемлекеттің қабылдаған шаралары – антифрод-орталығының құрылысы, биометриялық жүйенің енгізілуі, қаржылық ұйымдардың жауапкершілігін күшейту – қоғам үшін оң өзгерістер. Алайда бұл шаралардың тиімділігі әр азаматтың осы қауіпсіздік жүйесіне қалай қарайтынына, өз жауапкершілігін қаншалықты сезінетініне байланысты. Интернет алаяқтарының қылмыс жасауының алдын алу үшін тек қана құқық қорғау органдарының ғана емес, әр азаматтың белсенділігі қажет.

Жалпы, «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудың басты кепілі. Бұл қағидат тек құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдар үшін ғана емес, әрбір азамат үшін де маңызды. Заңды құрметтеу, жеке деректерді қорғау, интернет алаяқтарынан сақтану – бұл азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениеттің негіздері. Құқық қорғау органдары мен киберполицияның жұмысы қылмыскерлерді анықтап, оларды жазалаумен ғана шектелмей, осы қылмыстардың алдын алу, азаматтарға интернет алаяқтарының жаңа тәсілдері туралы ақпарат беру, қауіпсіздік шараларын түсіндіру сияқты міндеттерді де қамтуы тиіс. Бұған қоса, киберқылмыстың алдын алу үшін интернет алаяқтарының жаңа әдістерін уақытында анықтап, оларды болдырмауға бағытталған алдын алу шараларын енгізу өте маңызды. Осы бағытта, банктер мен қаржылық ұйымдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, өз клиенттеріне ақпараттық қауіпсіздік туралы үнемі ескерту жасау, күмәнді әрекеттерді бақылап отыру – бұл да аса маңызды шаралар. Сонымен қатар, интернет алаяқтарының әрекеттерін ертерек анықтау үшін арнайы технологиялар мен құралдарды енгізу, алаяқтықты анықтауға арналған жасанды интеллект жүйелерін қолдану қажет.

 Шымкент қаласы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқарма бастығының орынбасары Шыңғыс Жаулаубек алаяқтыққа қатысты жағдайға байланысты пікірін білдірді. «Қазіргі таңда интернет алаяқтықтары біздің қоғамымыз үшін үлкен қауіп төндіретін мәселелердің біріне айналды. Қылмыскерлердің әдістері барған сайын күрделеніп, олар өз құрбандарын психологиялық тұрғыдан манипуляциялауда үлкен тәжірибе жинақтаған. Олар сенімді қалыптастырып, интернет арқылы жалған ақпарат беріп, азаматтардың қаржылық жағдайын пайдаланып, олардан үлкен сомаларда ақша алуды мақсат етеді. Әрине, біз бұл қылмыстарды тоқтату үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жатырмыз, алайда алаяқтықтың алдын алу жолында азаматтардың өз тараптарынан сақтық танытуы да өте маңызды», – деп атап өтті басқарма бастығының орынбасары. – Біздің басты мақсатымыз – азаматтар арасында ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Олар алаяқтардың тактикасы мен тәсілдерін түсініп, өздерінің жеке мәліметтерін қорғауға қажетті шараларды уақытылы қабылдаса, бұл қылмыстардың санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Өкінішке орай, интернет алаяқтары тек жеке тұлғалармен ғана емес, қаржы институттарымен де байланыс орнатуы мүмкін, сондықтан барлық ұйымдардың жауапкершілігі жоғары болуы керек. Осы бағытта біз банктермен, қаржылық ұйымдармен және байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс істеп, қауіпсіздік шараларын күшейтудеміз. Біз киберқылмыстармен күресу үшін арнайы құралдарды, жасанды интеллект негізіндегі бағдарламаларды және биометриялық жүйелерді қолдануды жалғастырамыз. Алайда, ең бастысы бұл мәселеде барлық азаматтардың белсенді қатысуы. Алаяқтықтың алдын алу үшін әркім өз қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күмәнді әрекеттер туралы дереу полицияға хабарлауы тиіс. Азаматтар тек ресми байланыс арналарын пайдалануы, жеке мәліметтерін ешкімге бермеуі керек. Біз әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз. Интернет алаяқтарымен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әр азаматтың да жауапкершілігінде».

Сондай-ақ ол бүгінде әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы мен сақтық шараларын сақтау – ең маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Киберқылмыстардың саны артқан сайын, заң мен тәртіптің сақталуына деген қоғамның құрметі мен жауапкершілігі артуы тиіс. Әрбір азамат өз жеке мәліметтерін қорғай білуі, күмәнді сілтемелерден аулақ болуы, ешкімге қаржысын аудармауы керек. Әлеуметтік желілер мен онлайн алаңдарда таныс емес адамдармен жеке ақпаратты бөлісуге жол бермеу керек. Бұл әрбір азаматтың өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алғашқы қадамдар. Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдар өз міндеттерін орындағанымен, қоғамдағы барлық азаматтардың тәртіпке деген құрметі мен заңға деген адалдығы да маңызды. Интернет алаяқтарымен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің бірлескен әрекетін талап етеді. Президент Жолдауында атап көрсетілгендей, алаяқтармен күресуді күшейту үшін барлық құрылымдардың өзара үйлесімді жұмыс істеуі, жаңа технологияларды тиімді қолдануы қажет. Ал ең бастысы, бұл мәселені шешуге қоғамның әр мүшесі өз үлесін қосуы керек. Алаяқтықтың алдын алу тек қана құқық қорғау органдарының міндеті емес, бұл – барлық қоғамның жауапкершілігі.

Сонымен, бүгінгі таңда алаяқтықпен күрес жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Мемлекет қабылдаған шаралар, оның ішінде биометриялық жүйенің енгізілуі, антифрод-орталығының құрылысы, банктердің жауапкершілігінің күшеюі, бұл қадамдар қоғамдағы интернет алаяқтарына қарсы күресті жаңа белеске шығаруға бағытталған. Алайда бұл мәселеге тек мемлекеттік органдардың ғана емес, қоғамның да назарын аудару қажет. «Заң мен тәртіп» қағидаты барлық азаматтардың бірлескен әрекеті арқылы ғана жүзеге аса алады.

Аида ӨТЕП