Ең үлкен жылыжай — Шымкентте

Қысқаша

Ең үлкен жылыжай — Шымкентте

Түркі инвесторлары Шымкентте  жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр. Бұл елеміздегі ең үлкен жылыжай болуы мүмкін. Жоба жүзеге асқан кезде кешен қала тұрғындарын әрі арзан, әрі сапалы өнімдермен қамтамасыз етеді әрі осы жерде көптеген шымкенттіктер еңбек етіп, нәпақаларын табады. 

image.png

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нуримен кездесу барысында осы жобаның жай-жапсары талқыланды.  «Бозарық» индустриялық аймағындағы құны 650 миллион АҚШ долларын құрайды. Кездесу барысында инвесторлар жылыжай кешенінің көлемін 500-ден 600 гектарға дейін ұлғайту жөнінде келісімге келді. Кешенде қызанақ пен қияр егілмек. 

Йылдыз Умит Нуридің айтуынша, жобаның бірінші кезеңі аяқталған кезде 2 мыңға жуық азаматқа жұмыс табылады. Толық іске қосылған кешенде 5 адам еңбек ететін болады. Яғни, жобаның экономикалық ғана емес әлеуметтік маңызы да жоғары болайын деп тұр. 

Шымкент қалалық әкімдігінің хабарлауынша, жоба аясында халықаралық стандарт бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын мамандандырылған академия ашу жоспарланып отыр.

Инвестициялық жобалар жергілікті тұрғындарды жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді және бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, компания құрылыс уақытын қысқарту мақсатында қаламызда жылыжай салуға арналған құрылымдар шығаратын кәсіпорын ашуды көздеп отыр.

Осы жерде айта кетері, халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту бағытындағы шаралар жуырда аппарат мәжілісінде талқыланған болатын. Жиында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы К.Тұрлыбеков Тұжырымдамалар мен Даму жоспары шеңберінде жұмыссыздықты төмендету мақсатында биылғы жылға азаматтарды жұмыспен қамту шаралары бойынша баяндама жасады. 

Оның айтуынша, биыл Шымкентте 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қазіргі уақытта жоспардың 32,4 пайызы  орындалып отыр. 

Жиында Ғабит Сыздықбеков ауыл шаруашылығы және ветеринария, білім, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларының басшыларына азаматтарды жұмысқа орналасуына ықпал ету бойынша нақты тапсырмалар берді.