Студенеттерге арналған «Ашық есік» күні

Қысқаша

Студенеттерге арналған «Ашық есік» күні

Жастар қай кезде де қоғамның қозғаушы күші. Жуырда Шымкент қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Ашық есік» күні өтті.

image.png

Жастар – еліміздің басты стратегиялық ресурсы. Қазіргідей цифрлық дәуірде интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеті жоғары, эрудициясы терең, креативті идеяларға ие жас буынның мемлекеттік қызметте білікті маман болып қалыптасуына үлкен мән берілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

болашақ мамандардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру, әкімдіктің жұмысымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс шараға келген студенттерді қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Б.Асанбаев қарсы алды. Олар «Ashyq akimdik» форматында іске қосылған фронт-офиспен және қала әкімі аппаратындағы бірнеше бөлімнің жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, аппарат қызметшілері мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған еркін форматтағы дөңгелек үстелде мемлекеттік орган жүйесінің құрылымы мен мемлекеттік қызметке орналасу қағидалары түсіндірілді. 

Айта кетері, жалпы Шымкентте көпшілікке қызмет ететін фрон офистердің саны көбейіп келеді. Мегаполисте өткен аптада “Shymkent Invest” фронт-офисінің ашылуы өтті. Ұйым инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын жергілікті және шетелдік инвесторларға жоба идеясы басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін қолдау шараларымен қатар экспорттау, дамуды қаржыландыру бойынша қызметтер көрсетеді. 

Ашылу салтанатына мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков пен қала прокуроры Ғабит Мұқанов қатысты. 

Инвесторлар тарту және оларды қолдауға қатысты мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылатын болады. 

Фронт-офиспен танысқан қала әкімі бүгінде елімізде инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғанын, Мемлекет басшысының жарлығымен инвестициялық штаб құрылғанын атап өтті. 

«Инвесторлармен тиімді жұмыс жүргізу, сондай-ақ сала бойынша нақты бағдарлама әзірлеу қажет, ең бастысы енгізіліп жатқан жобалардың саны емес, сапасы маңызды», - деді Ғабит Әбдімәжитұлы. 

Айта кетейік, «Shymkent Invest» ЖШС қала әкімінің бастамасымен құрылған. Мұнда ұйым қызметкерлері инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетумен қатар құжаттарды дайындауға, жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беруге көмектеседі. 

Сонымен бірге, «Shymkent Invest» ЖШС мен Шымкент қаласының прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық аясында инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу мақсатында кеңсеге тұрақты түрде инвесторларға тікелей қолдау көрсететін прокуратура қызметкері бекітілді.