Мегаполисте инклюзивті марафон

Қысқаша

Мегаполисте инклюзивті марафон

Қасым-Жомарт Кемелұлы осыдан бірнеше жыл бұрын инклюзивті балалардың мәселесін көтерген сенім кеңесінің отырысында: «Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар көбейіп барады. Балалар тиісті реабилитация қабылдау үшін жарты жыл уақыт күтеді. Сөйтіп, уақыт жоғалтады. Кезегі келген кезде толық оңалтудан өтуге мәжбүр.  Балалар сапалы қызмет алу керек. Мемлекет тарапынан арнайы психолог мамандарының даярлануына назар аударылуы керек», - деген болатын. Көп өтпей мемлекет басшысы инклюзивті білім беру туралы заңға қол қойды.

image.png

Ал биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова Қазақстанда инклюзивті саясат тұжырымдамасы қабылданатынын айтты.

Еңбекминістрлігінің мәліметінше мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оқшаулаудың, кемсітушіліктің, инфрақұрылым қолжетімділігінің жеткіліксіздігін, еңбек нарығындағы тең емес мүмкіндіктердің, арнаулы әлеуметтік қызметтер сапасының төмендігі және т.б. өзекті мәселелерді шешу үшін қолданыстағы жүйені жетілдіру және цифрландыруды барынша енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

«Осылайша, 2024 жылы Инклюзивті саясат тұжырымдамасы әзірленіп, қабылданады. Оның басты мақсаты – әрбір азамат дамудың жеке ерекшеліктеріне қарамастан лайықты өмір сүруге және өзінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндігі бар қоғам құру», - деді Светлана Жақыпова.

Оңалту іс-шараларының тиімділігін бақылау және арттыру мақсатында Оңалтудың цифрлық күнделігін әзірлеу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің, Астана медицина университетінің қолдауымен әлеуметтік және кәсіптік оңалтудың цифрлық хаттамалары әзірленді, оларды енгізу әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік саланы дамытудың бірінші ұлттық ғылыми орталығын жаңғырту шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды сәтті және тиімді оңалту мақсатында жаңа технологияларды әзірлеу жөніндегі жекелеген зертханалар жұмыс істейтін болады.

«Біз протездік-ортопедиялық саланы, есту-сөйлеуді оңалтуды трансформациялауды, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша әдіснамалық орталық құруды, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер үшін кәсіптік стандарттарды жаңартуды көздейміз. Жоғарыда аталған барлық шараларды жаңартудың күтілетін нәтиже мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту болады», - деді Светлана Жақыпова.

Осы бағытта (Шымкентте инклюзивті балалар марафоны биыл тамыз айында екінші рет өтпек. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған марафонның басталуына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

«Арман әлемі» қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, дендросаябақта әр сенбі күні дайындық жүргізіледі. Онда қаладағы Royal фитнес клубының тренерлері балаларға тренинг өткізіп, жүгірудің қыр-сырын үйретеді. Дайындық кезеңі 17-тамызға дейін жалғасады.

Бүгінгі іс-шарада Royal фитнес клубының тренерлері балаларға арнайы дайындық жүргізіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балаларға концерттік бағдарлама ұсынылды. 

Инклюзивті балалар марафонына қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, қалалық ҚХА қолдау көрсетуде.