Еліміздегі азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру үшін бекітілген кешенді жоспар – «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша Шымкент қаласында да бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Үкімет аталған бағдарлама азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, әл-ауқатын арттыру, еңбек саласындағы табыс арттыру әдістерін жаңалау мақсатын жұмысқа кіресітінін айтқан еді.
Кейіннен, «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына» үкімет қаулысымен өзгерістер енгізіліп, ол 2029 жылға дейін межеленді. Жаңадан қайта қабылданған бағдарламаның бағыты да сол баяғыша – қазақстандықтардың табысын арттыру, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, өмір сүру сапасын көтеру. Бір ерекшелігі, мұнда бұрынғыша бюджет пен кәсіпорындардың өзі арқылы айлық табысты тікелей көбейтуге емес, жастардың және еңбекке жарамды халықтың кәсіби біліктілігі мен шеберлік дағдыларын арттыру, адами капиталды дамыту арқылы жқмыс өнімділігін арттыруға мән беріледі. Жаңартылған кешенді жоспар бес бөлікті назарға алып, сол бойынша жұмыс істемек. Бұл іс шараларды атап өтер болсақ: жергілікті жұмыспен қамту карталарын ескере отырып экономиканың нақты секторында жаңа жұмыс орындарын құру, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл халқының табысын көбейту, халықтың табысын арттыратын жүйелі мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету, бюджеттен төленетін айлық мөлшерін арттыру, халықты әлеуметтік қолдау.
Президент былтырғы жолдауында да азаматтардың әл-ауқатын арттыруды, олардың әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстауды тапсырған болатын. Міне, осыған байланысты әр айдың екінші сәрсенбісінде партияның аймақтық, аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Атамекен» ҰКП және басқа да ұйымдардың көмегімен «Табысқа апарар жол. Жұмысқа орналасуға көмек» акциясын өткізу басталған еді.
«AMANAT» партиясының «Табысқа апарар жол» акциясының бір тармағы азаматтардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетіп, мейілінше кеңес беруді үйлестіру. Халықтың әл-ауқаты мен олардың әлеуметтік жағдайы әрқашан мемлекеттің назарында. Партияның Қоғамдық қабылдау бөлмесіне хабарласатындардың көпшілігі де жұмысқа орналасу және әлеуметтік мәселелерге қатысты болып келеді.
Жуырда «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аталған акция аясында Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильді орталығының Тұран ауданы бойынша мансаптық орталығы басшысы Нұрбол Шымкентбаев азаматтардың мәселесін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауға келген өңір тұрғындары тұрақты жұмысқа орналасу және атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығы бойынша көмек көрсетулерін сұрады. Келушілерге Нұрбол Мұратұлы заң аясында бағыт-бағдар беріп, жұмыс орнына жолдама берілетіндігін айтып, мәселені бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ең бастысы азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты әрқашан мемлекеттің назарында болуы тиіс.