Баланың қауіпсіздігі — басты назарда

Қысқаша

Баланың қауіпсіздігі — басты назарда

Биыл Шымкентте мектеп бітіруші 13 286 түлектің 12 066-сы ҰБТ тапсыруға өтінім білдірген. Биыл Ұлттық біріңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізіледі. ҰБТ қатысушы түлектердің деректер базасына тіркелуі 2024 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында жүргізілді. Қатысушыларға аталған уақыт аралығына дейін тестілеуге 2 рет өтініш беруге мүмкіндік беріледі.

Мектеп битиру.jpg

Жуырда Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева осындай мәліметтерді атап өтті. 

Сонымен қатар биылғы түлектердің мектеп бітіру іс-шарасы да жоғары мәдениеттілікпен өтетінін, ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол берілмей өтетінін айтты. Сондай-ақ, мектеп бітірушілер үшін салтанатты іс-шара міндетті түрде мектеп қабырғасында және алаңында өткізу міндеттеледі. 

Онымен қоса мектеп бітірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында соңғы қоңырау іс-шарасын ұйымдастыру кезінде түлектердің ата-аналармен түсіндіру жұмыстары, мектептерде қатаң тәртіпте полиция және педагогтар тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылуы тиіс екенін де алға тартты. 

«Санитарлық режимді, сондай-ақ жеке бас гигиенасы шарттарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету, учаскелік полиция қызметкерлерін тарта отырып, барлық үй-жайларда және мектеп аумағында кезекшілікті, қауіпсіздік шараларын сақтауды және төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялауды қамтамасыз ету мектеп басшылығына міндеттеледі»,- деген Нұргүл Ақылбекқызы балалардың қауіпсіздігі бірінші орында екеніне тоқталып өтті.