Еңбек адамы — маңызды құндылық

Қысқаша

Еңбек адамы — маңызды құндылық

Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы «Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев пен Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысы Бауыржан Қалжанов брифинг берді. Аталған конференцияда спикерлер «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасының негізін түсіндіріп отырып, еңбек саласындағы қауіпсіздік шаралары жайлы, «Еңбек адамның» қоғамға қаншалықты маңызды екенін сөз етті. 

image.png

«Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бастамасымен және әлеуметтік әріптестердің қатысуымен қаламыздағы кәсіпорындармен мекемелерде «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын іске асыруда. Біздің ең басты құндылығымыз – Еңбек адамы. Бұл бағдарлама еңбеккерлердің өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурудың, өндірістегі өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге, еңбек кауіпсіздігін жағдайларын жақсартуға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға және халықтың деңсаулығын сақтауға бағытталған», - деді Бауыржан Әлтеев.

Яғни, қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың алғы шарты – қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және жақсартуға бағытталған алдын алу шаралары болып табылады. Бұл туралы:

«Конституциямызға сәйкес әркімнің қауіпсіздік талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар. Еңбек қауіпсіздігі бұл еңбек процесінде жұмыскерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі», - деді Бауыржан Қалжанов.

Осыған орай кәсіподақтар орталығы тарапынан қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және жақсартуға бағытталған бірнеше алдын алу шаралары өткізгенін де айтып өтті. 

«Атап айтқанда: 2024 жылдың 1 мамырына дейін Шымкент қаласы кәсіподақ орталығы мамандары және салалық кәсіподақ филиалдары төрағаларымен 26 мекемеде, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тақырыбында кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оған 250-ден астам еңбеккерлер қатысты.

2024 жылы 12-15 ақпан аралығында Орталық Азия Инновациялық университетінің базасында Шымкент қалалық комитетінің білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелік ұйымдарының келісім комиссияларының мүшелері үшін семинар өтті. Семинарға 260-қа жуық тыңдаушы қатысып, сертификат алды. 

2024 жылдың 9 сәурінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен «Еңбек шартын тоқтату негіздері» мен «Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері және тәртібі» тақырыптары бойынша онлайн – семинар өтті.

Семинарға Шымкент қаласының барлық салалық және жергілікті кәсіподақ активтері мен белсенді кәсіподақ мүшелері қатысты.

Қатысушыларға Еңбек заңнамасына енген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпараттар баяндалды», - деді бірлестік төрағасы.

Сонымен қатар Халықаралық еңбекті қорғау күні қарсаңында «Еңбек қауіпсіздігі», «Еңбекті қорғау» тақырыптарында семинар – оқыту өткен екен. Әлтеевтің айтуынша семинарға арнайы шақырылған «Қазақстан құрылысшылар одағы» Шымкент қаласы филиалы өкілі, бас техникалық қадағалау маманы, ҚР «Құрметті құрылысшы» атағының иегері Абдулбақыт Тлеубердиев құрылыс саласында еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау жөнінде семинар-тренинг өткізген. Және де еңбек қорғау жөнінде құнды ақпаратпен кәсіподақ активі мен кәсіподақ мүшелерін таныстырып, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын жандандыру және жұмыс орындарына қоғамдық мониторинг жүргізу маңыздылығын атап өтіпті. 

Одан бөлек бірлестік төрағасы «Дүниежүзілік еңбек қорғау күні» қарсаңында Шымкент қаласында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссияның көшпелі отырысы болғанын да айтып өтті. 

«Комиссия отырысында Шымкент қаласының аумағында еңбек қатынастары саласының және еңбек қауіпсіздігінің жағдайы туралы баяндалды.Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауда үздік және озық тәжірибелерді таныстыру болып өтті.

Оған өзіндік тәжірибесі бар «BI Group» құрылыс холдингі, «Интергаз Орталық Азия» Акцонерлік қоғамы, «Химфарм» Акционерлік қоғамы және «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» ғылыми-зерттеу институттары еңбекті қорғауда озық тәжирібиелермен бөлісті. Бұл отырысқа қаламыздағы кәсіпорындардан 300 жуық қызметкерлер қатысты.

(Бүгінгі таңда салалық кәсіподақтар филиалдарының төрағалары және жергілікті кәсіподақтар ұйымдарының басшылары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлерінің қатысуымен Үйлестіру кеңесінің 4 отырыс өтті.Онда негізгі қаралған тақырыптардың ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі тұрақты түрде қаралады», - деді Бауыржан Ілімшаұлы.