Шымкентте оқушылар автобуста тегін жүреді

Қысқаша

Шымкентте оқушылар автобуста тегін жүреді

Шымкентте қоғамдық көлікте тегін жүретіндердің қатары көбейді. Енді оқушылар да автобуста тегін жүреді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

image.png

-- Қоғамдық автобустар - тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін, халықтың басым бөлігінің пайдаланатын көлігі. Бүгінде қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы І-топтағы мүгедектерге, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгі иегерлеріне, Тыл ардагерлеріне, зағип жандарға және олармен бірге жүретін бір адамға берілген. Ал 7-18 жасқа дейін мектеп оқушыларына тарифтің 50 пайызын төлеу жеңілдігі, студенттерге 50 теңге төлеу қарастырылған. 

Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтар қатарын көбейтуді жөн көрдім,--деп жазды қала әкімі.  

Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі жоғарыда аталғандардан бөлек, келесі санаттағы азаматтарға да қолжетімді болады: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;  жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге; басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғандарға; ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;  саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiнде адамдарға; екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;  мүгедектігі бар балаларға; 70 жастан асқан зейнеткерлерге және оқушыларға.

--Бүгінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру сапасы менің бақылауымда, бұл қызметті жақсартуға барлық мүмкіндіктер жасалып отыр,--деді Ғ.Сыздықбеков. 

Сондай-ақ, өткен аптада Шымкенттің әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Қабылдауға жазылған 53 азаматтың мәселесін тыңдалып, шешімі қарастырылды.

Қабылдау барысында мәдениет, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік мақсатта жер телімін заңдастыру мәселелері көтерілді. Тұрғындар қалада туризм салаларына дамытуға қатысты, білім беруде процестерді автоматтандыруға бағытталған жобаларымен қатар жаңа ескерткіштер орнатуға қатысты бастамаларын ұсынды. 

Қала басшысы мегаполисті дамытуда ұсыныстарын білдірген азаматтарға алғысын айтып, сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. 

Сонымен қатар әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 200-ден аса азаматтың арыз-шағымдарын тыңдап, шешімдерін пысықтады. Ғ.Әбдімәжитұлы азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жіті тыңдап, заң шеңберінде, шұғыл түрде шешім қабылданатынын жеткізді. 

Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, туындаған мәселелерді шешуде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды.