Түркістан облысы дін істері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында танымал дінтанушы-ғалым Сансызбай ұстаз Кентау өңірінің жергілікті тұрғындармен жүздесті.
Кездесу барысында имандылық пен ұлттық құндылықтар насихатталып, белгілі ұстаз көпшілікті теріс діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтандырды.