Түркістан облысы дін істері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында әйгілі Нұрлан имам Сарыағаштың жергілікті тұрғындармен жүздесті.
Кездесу барысында имандылық пен ұлттық құндылықтар насихатталып, белгілі ұстаз көпшілікті теріс діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтандырды.