Дулат Ағаділдің анасы Президентке ащы шындық айтылған үндеу жолдады

Қысқаша

Қоғам белсендісі болған марқұм Дулат Ағаділдің анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа

Қоғам белсендісі болған марқұм Дулат Ағаділдің анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Гүлбараш Жолмұхамбетова Құрбан айт мерекесін онлайн түрде өткізу дұрыс еместігі жайлы, сонымен қатар пандемия кезінде халыққа беріліп отырған әлеуметтік көмек туралы сөз қозғады. Бейнежазбаны Youtube желісіне Нағыз Қазақ арнасы жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz.

1d5077082df87bc8730836e7afe027f1.jpg

 "Кеше Facebook желісінде бас мүфти құрбан айттың онлайн өтетінін айтты. "Болмайды" деді. Ол неге болмайды. Өзі жылына бір келетін мерекені қалай онлайн өткізеді? Мен үкіметті түсінбеймін. Бұл – біздің қазақтың дәстүрі. Бұрынғы аталарымыз бірінің үйіне бірі барып осы мерекені тойлаған болатын. 

Кеше мен баламның асын беремін деп үйге адам жинап едім, жер бетіндегі ОМОН-дардың бәрі біздің есік алдында болды. Санэпидемстнациядан адамдар келді. Одан қала бере таңға дейін полицейлер бізбен жүрді. Төбемізден түсіріп тұрды. Бұл не деген қасиетсіздік. Сонда менің өлген бір баламнан қорқып отыр ма? Жұдырықтай бір баламнан қорқып, қаншама қызметкерді біздің соңымызға салып отыр үкімет?! Дулат айтатын еді "менің артыма салып қойған адамдардың ақшасын неге жетім-жесірге бермейді" деп. Соны мен енді түсіндім. Қаншама машина келді. Олар әр жерде тұрды. Оларға ақша беріп бізді аңдытқанша, 42500 теңгені бермейді ме дұрыстап? Оны біріне берсе, біріне бермейді. Мысалы мен зейнеткермін, әдейі 1414-ке хабарластым. Маған берсін деп, ал олар бермейміз дейді. Жарайды бермей-ақ қойсын, мен оған қарап тұрған жоқпын. Басқаларға дұрыстап үлестіріп берсін, - дейді Дулат Ағаділдің анасы.