Денсаулық сақтау министрлігінде коронавируспен және пневмониямен күрес шаралары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінде медициналық бетперделердің шекті бөлшек сауда бағасы 28 пайызға - 118 теңгеден 85 теңгеге дейін төмендетілді. Ағымдағы резерв - 41 миллион маска, 27 миллион қолғап, 379 мың қорғаныш костюмдері.
Тестілеу қуатын тәулігіне 32 мыңнан 1 тамызға дейін тәулігіне 35,6 мыңға дейін (ҚР АШМ зертханаларын тарту есебінен), 1 қыркүйекке қарай тәулігіне 64 мыңға дейін (ДСМ және ЖАО зертханаларын толық жабдықтауды ескере отырып) ұлғайту жоспарланыа отыр.
Тамыз айының соңына дейін ПТР-тест резервін қалыптастыру - 1,2 миллион, 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды.
Денсаулық сақтау министрлігінде сондай-ақ дәрілік заттарды жоспарлау және сатып алу шаралары туралы айтылды. Мәселен, сертификаттау процедурасы жеңілдетілді: мерзімдер қысқартылды (1 айдан 3 күнге дейін).
COVID-19-ды емдеу үшін жаңа препараттарды тіркеу рәсімі жеделдетілді (6 айдан 2 айға дейін).
Арнайы борттар есебінен бөлшек дәріханаларды қанықтыру -
Ресей мен Үндістанға 4 миллион орамға 6 арнайы авиарейс ұйымдастырылған.
Өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорларын қалыптастыру:
- Алматы - 5 миллиард теңге,
- Нұр-Сұлтан - 1,2 миллиард теңге,
- Шымкент - 180 миллион теңге,
- Ақтөбе облысы - 500 миллион теңге,
- ШҚО - 250 миллион теңге.
COVID-19-ды емдеу бойынша БМСК деңгейінде қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету енгізілді, оның ішінде миллионға жуық адамды қамтитын, 8,6 миллиард теңгеден асатын дәрілердің 5 түрі бар.
Стационарларда COVID-19-ды емдеуге арналған айлық дәрі-дәрмек қоры қалыптастырылды. Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу процедуралары қатар жүргізіледі.