Сыбайлас жемқорлық-қоғамның жегі құрты. Кез-келген салаға салқынын тигізбей қоймайды. Осы дерттің дендемеуіне ат салысып жүрген жандардың бірі- Жан Ақжанов. Жазушы шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментіне ат басын бұрды. Мақсат-жемқорлықпен күрестің аясын кеңейту.
Көпке белгілі-жазушы сыбайлас жемқорлық саласында бірнеше жылдан бері қалам тербеп келеді. Шығармашылығының ерекшелігі де осында. «Аспаннан құлаған тастар», «Дәрігер жолы» тағыда басқа бірнеше кітаптың авторы. Әдебиеттерінде мемлекеттік қызметшілердің күнделікті өмірі, әдеттегі болмысы, сонымен қатар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керектігі шынайы бейнеленген. Олардың беделін көтеруді көксейді. Жазушының айтуынша -мемлекеттік қызметкер заман талабына сай өзін дамыту қажет. Әдеби шығармаларды оқуы тиіс. Өйткені, олар мемлекеттің бет-бейнесі.
"Мемлекеттік қызметкер өзін дамытып отыруы қажет. Және олар көпке үлгі болуы керек. Ал үлгілі адам бірінші кезекте бойын жемқорлықтан ада ұстағаны дұрыс. Біздің мақсатымыз көркем әдебиет арқылы бүгінгі , келер ұрпаққа тәрбие беру, соның ішінде сыбайластықтың түбі қорлық екенін ұғындыру",- дейді жазушы.