Түркістан облысының тұрғыны 30-ға жуық адамның ақшасын алдап алған

Қысқаша

Түркістан облысының Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне 30-ға жуық адам арызданып, ақшасы жымқырылғанын мәлімдеген.

Түркістан облысының Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне 30-ға жуық адам арызданып, ақшасы жымқырылғанын мәлімдеген. Олардың бәрі бір азаматтың атына арыз түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full1589254688060f4e3e54473766939865ffcf68b9f4.jpg

Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын, жас қыз арызданып, өзіне жақын таныс емес адам алдап, ақшасын алып алғанын хабарлаған. Ол мемлекеттік бағдарлама арқылы жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 1 миллион ақша шығарып беремін деген алаяққа 100 000 теңгесін берген.

Бұдан бөлек, аудандық полиция бөліміне осыған ұқсас қылмыстың құрбаны болған тағы бір тұрғын арызданған. Қайтарымсыз 750 000 теңге шығарып беремін деген алаяққа 80 000 теңгесін берген.

Аталған істер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің "Алаяқтық" бойынша тіркелді.

Сарыағаш ауданының полицейлері тұрғындарды алдап, ақшаларын алып кеткен алаяқты қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жәбірленушілерден жауап алу барысында, күдіктінің жеке-басын анықтады, мұқият тексерілді.

Полицейлер күдіктіні Сарыағаш ауданындағы өз үйінен ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, ол тұрғындардың сеніміне кіру арқылы  қайтарымсыз көмек алып беремін деп алдап келген.

Қылмыстық іс бойынша 30-ға жуық жәбірленуші күдіктінің атына арыз берген. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 2,5 миллион теңгеге жуықтаған. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда жоғарыда аталған қылмыстардың барлығын бір адам жасағандықтан, қылмыстық істер біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.