Коронавирустың тез тарауының себебі аталды

Қысқаша

Бразилиядағы Баия федералдық университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, коронавирустың дүние жүзінде тез тарауының басты себебі халықаралық әуе тасымалдары екенін айтты.

Бразилиядағы Баия федералдық университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, коронавирустың дүние жүзінде тез тарауының басты себебі халықаралық әуе тасымалдары екенін айтты. Зерттеу нәтижесі Medrxiv сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Daily Mail.

photo_66995.jpeg

Мұндай шешімге келу үшін ғалымдар науқастар саны 100 адамнан көп 65 елдегі әлеуметтік-экономикалық, климаттық және көлік қатынастарының COVID-19-дың тарауына ықпалын зерттеген.   

Зерттеушілердің сөзінше, әуе тасымалдарына тыйым алған елдер инфекциямен ешқандай шара қабылданбаған елдерге қарағанда ойдағыдай күресіп жатыр. Бұл фактор әуежайы адам көп қабылдайтын елдерде неліктен коронавирус инфекциясы өршіп тұрғанының дәлелі екен. 

Мәселен, әуе тасымалы бойынша дүние жүзінде екінші және үшінші орындағы АҚШ пен Ұлыбританияда коронавирустан қайтыс болғандар саны - 78 мың және 31 мың. 

Ал Қытайдағы Хубей провинциясында коронавирус анықталғаннан кейін бірнеше аптадан соң бірден әуе тасымалы тоқтатылған. 

Сондай-ақ зерттеу авторлары коронавирустың тарауына климаттың әсері аз екенін айтты. Яғни, жоғары температура мен ылғал вирустың тарауын тоқтатады деген теория шындыққа жанаспайды.