Шымкентте талантты оқушыларды анықтайтын республикалық байқау өтті

Қысқаша

Шымкентте талантты оқушыларды анықтайтын республикалық байқау өтті



Бүгін  Шымкент қаласы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен  «Менің кіші Отаным» атты IV республикалық интеллектуалдық байқауының қалалық кезеңі әл-Фараби академиялық мектебі базасында офлайн форматта  өтті. 

image.png

Байқаудың мақсаты туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін  дамыту.  Олардың бойында   патриотизм  мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен бірге тарих және өлкетану бойынша білімін арттыру.  

Оқушылардың арасында өткен байқаудың қалалық кезеңіне 75 мектептен 237 оқушы қатысты.  Байқау  қазақ және орыс тілдерінде, Қазақстан тарихы пәнінен тест түрінде өткізіліп,  ZOOM платформасы арқылы бейнебақылаумен бақыланды және мектеп әкімшіліктеріне тікелей эфирде олимпиада барысын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік жасалынды. 

Байқаудың қорытындысы бойынша оқушылардың жұмыстары шифрланып, www.daryn-shymkent.kz веб-сайтына жүктелді.

Шымкент қаласы Ақпараттық-коммуникациялық орталығы