Туристердің демалуына қолайлы жағдай жасалған

Қысқаша

Туристердің демалуына қолайлы жағдай жасалған

2018_11_29_091202613500.PNG

Түркістан - Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. Қазірде шаһарда кәсіп пен туризмнің қайнап тұрған шағы. Елбасы жолдауы бойынша қала облыс орталығы болып белгіленген сәттен бастап, мұнда жаңа ғимараттар мен кәсіпорын, өнеркісңптер бой түзеп, жұмыссыздық азайып, халықтың әл-ауқаты жақсарған. Мүұндағы қонақ үй бизнесі де көз ілестірмей даму үстінде. Сапалы қонақ үйлер көптеген туристерге жайлы орын, құтты мекен бола алады. Мәселен, «Яссы» қонақ үйі.

«Яссы» қонақ үйі қаланың ортасында орналасқан. туристердің арасында аса танымалды бұл қонақ үй инфрақұрылымы мен көлік жол айрығымен ерекшеленеді. Қонақ үй 52 бөлмеден тұрады. Олардың: 3- жартылай люкс, 1 -люкс және 48 -стандартты нөмірлер. Әр бөлмеде туристердің демалуына қолайлы ванна бөлмесі, кабельді теледидар, мини бар, кондиционер бар. Бөлме жағдайы: ванна бөлмесі, телефон, кабельді теледидар, фен, ашылатын терезелер, минибар, кондиционер. Қонақ үй жағдайы: мейрамхана, интернет, автотұрақ, нөмірлерді тәулігіне 24 сағат қызмет көрсету, жүк тасымал қызметі, кір жуатын орын.

Түркістанның инвестициялық тартымдылығы жоғары, ары қарай дамытып және кеңейтуге мүмкіндік көп. Болашақта қала елге индустриялды аймақ ретінде танылса керек.