Түркістан - Қазақ хандығының астанасы болған тарихи, мәдени қала. Тарихқа көз тастасақ, мұнда ежелде көне ғимараттар көпті таң қалдырған. Қазір де Түркістанның көркін кіргізетін ғимараттар жоқ емес. Негізінен Түркістанда биылғы жылы кәсіпкершіліктің қарқынды дамуымен қалада біршама қонақ үй, мейрамханалар тұрғызылды. Мекеме басшылары тек өз кәсіптерін ашып қана қоймай, қала халқын жұмыспен де қамтып қала экономикасының дамуына біршама ықпал етеді. Мәселен "Яссауи" қонақ үйінің ашылғанына біршама жыл болса да, қонақ үй көптеген туристер мен басқа ада қалаға келуші қонақтардың сұранысына ие.
"Яссауида" қонақтарға классикалық стильде орындалған және ыңғайлы ұйықтайтын орындармен, мини-бармен, кондиционерлеу жүйесін қоса алғанда заманауи техникамен, сондай-ақ жеке гигиеналық керек-жарақтармен жабдықталған жайлы бөлмелер қарастырылған. Барлық аумақта Wi-Fi арқылы интернетке мүмкіндік бар. Бұл мұнда келуші қонақтар үшін өте ыңғайлы.
Қонақ үйдің өзінің жеке мейрамханасы да бар, онда күн сайын ұлттық және еуропалық тағамдар дайындалады. Барда сусындарды кез келген дәмге қарай тапсырыс беруге болады.
Жалпы, қонақт үй кәсібінің дамуымен қызмет сапасы да, дизайны да, ас мәзірі де дамып келеді. Бұл қуантарлық жағдай.