
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Салыбек Қайрат Келесұлы Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында Қазақ зағиптар қоғамы мекемесінде болып,қызметкерлерімен кездесті. Мекеменің төрайымы Сейілбек Ақтолқын мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Кездесу барысында мекемеде 76 адам жұмыс істейтіні, олардың әлеуметтік жағдайы мен төтенше шешімді қажет ететін мәселелері талқыланды. Қызметкерлердің сұрақтары тыңдалып, жұмыс ортасын жақсартуға қатысты ұсыныстары қамтылды.
Қайрат Келесұлы көтерілген мәселелерді назарға алып, оларды заң аясында шешуге қолдау көрсететінін айтты. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау бағытындағы жұмыстардың үздіксіз жалғасатынын жеткізді.
«Ауыл» партиясы әрдайым қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайды.
