
“Ауыл” партиясының Түлкібас ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Көлбаев Оспан Оңалбекұлы мен партия белсендісі Сыбанбаев Болат Жадыраұлы “Сайрам-Өгем” ұлттық паркінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Табиғатты қорғау саласында адал еңбек етіп жүрген озат қызметкерлерге партияның 25 жылдық мерекелік медальдарын табыстады.
Сондай-ақ, шара барысында “Ауыл” партиясының өкілдері қатысушыларды партия қатарына қосылып, елдің экологиялық және әлеуметтік дамуына өз үлесін қосуға шақырды.
