
Аудан бойынша «Ауыл» партиясының аумақтық ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бексұлтан Абзал Ермаханұлы партия белсенділері Хаметов Жанмұхамед Қасымбекұлы Шабданов Талғат Батырбекұлымен біргелікте аудандық орталық ауруханаға қолдау көрсетіп, емделушілер демалатын бөлмеге жұмсақ жиһаздар сыйға тартты.
Бұл – ізгі істердің жалғасы. Бұған дейін де аурухананың бес палатасы күрделі жөндеуден өтіп, толықтай жаңа жиһаздармен қамтылған болатын.
Қамқор жандардың осындай игі бастамалары мекеме қызметкерлері мен емделушілердің көңілінен шығып, үлкен алғысқа бөленді.
Қайырымдылық – қоғамды біріктіретін ең үлкен күш!
