Жастар – дамудың қозғаушы күші

Қысқаша

Жастар – дамудың қозғаушы күші

«Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөзі мемлекеттік органдарға міндет жүктеумен қатар, жастардың ертеңге деген сенімін нығайта түскені анық. 

Screenshot_18.jpg

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2023 жылдың наурыз айынан бастап жастардың санаты 14 пен 35 жас аралығын құрады. Осыған орай, республика жастарының саны 3,5 млн-нан 

6 млн жасқа дейін ұлғайып отыр. Жастар саны артқанымен қатар, оларға қолдау көрсету бойынша атқарылар жұмыстардың да арта түсуі заңдылық. Бұл орайда Түркістан облысының жастардан құралған ақпараттық-насихат тобымен екі ай бұрын мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау басталған. Бұған шалғайдағы жастардың өздеріне арналған мемлекеттік қолдаулар туралы ақпараттарды жіті біле бермейтіні, ізденуге құлшыныс байқалмайтыны және NEET санатындағы жастарды білім-ғылымға, кәсіпке тарту себеп болған. Облыс әкімдігі “Жастар ресурстық орталықтары” қызметкерлерін де осындай істерге жұмылдыруға күш салып отыр. Нәтиже бар. Жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиеге құжат қабылдау наурыз айында басталып, белсенді насихаттың нәтижесінде құжат тапсырушылар қатары 300-ден асқан. Ал бағдарлама бойынша 594 түркістандық жоба қатысушы атанып, кәсіп игеріп, табысын арттыруы керек. Ол үшін мемлекет бюджетінен Түркістан облысына 2,9 млрд теңге бөлініп отыр. Бүгінде облыста 630 мыңнан астам жас бар. Үгіт кезіне дейін оның 56 мыңнан астамы NEET санатында тіркеліп тұрды. Бүгінге дейінгі талдауға сәйкес, 36 мың жас бары анықталды. Оның ішіне оқуға түскені, жалдамалы жұмыс істейтіні, басқа қаладағы немесе шетелдегі жастар енді. 

Ал Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, бүгінде өңірде 327 мыңнан астам жас бар. Жастар облыс халқының 26,8 пайызын құрайды. Жастардың 137 390-і (41,9%) қалада, 189 881-і (58,1%) ауылдық елді мекенде тұрады. Биыл облыста жастар саясатын жүзеге асыруға тиісті мүдделі органдармен бірге 1 млрд  985 млн теңге қаржы қарастырылған. Қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 801,1 млн теңгеге, яғни 40,4%-ға артқан. Сонымен қатар биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған 21 әлеуметтік маңызы бар жоба көзделіп, жергілікті бюджет есебінен 69 млн теңге қаражат бөлінді. Биыл әлеуметтік маңызы бар жобалар саны өткен жылмен салыстырғанда 15 жобаға артып, қарастырылған қаржы көлемі 27,6 млн теңгеге, яғни 66,7%-ға артқан.