Жұмыс сағаты да ыңғайлап есептелген

Қысқаша

Жұмыс сағаты да ыңғайлап есептелген

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылуда, яғни халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтарды жұмыспен қамту күн тәртібінен түскен емес.

Screenshot_9.jpg

Сөзімізді нақты мысалмен өрбітсек, Түркістан облысы Сайрам ауданында «Capable group» Мүгедектер қоғамы» жылына 100 млн дана жөргек шығаратын цехын іске қосқан болатын. Онда 60-тан астам адам жұмыс істейді. Олардың арасында мүгедектігі бар азаматтар да баршылық. Негізгі жұмыс сағаты 8 сағат, ал мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығына байланысты жұмыс сағаты да ыңғайлап есептелген. Бүгінде жобаның бастамашысы қосымша 3 өндіріс желісін іске қосумен өндірістік қуаттылықты кеңейтуді көздеп отыр. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. 

Айта кетелік, Шымкент қаласында 39 515 мүгедектігі бар жан өмір сүруде. Ал Түркістан облысы бойынша 97 635 мүгедек бар екен. Мүмкіндігі шектеулі жандардың санын пайызға шаққанда Кентау, Түркістан қалаларында, Мақтаарал және Бәйдібек аудандарында жоғары.