Сарыағаштық ұстаз 1 миллион теңге грант алды

Қысқаша

Сарыағаштық ұстаз 1 миллион теңге грант алды

26.jpg 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N76 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқытушысы Қансұлу Алдабергенқызы Қонысова "Қазақстан мұғалімі-2021" Ұлттық сыйлығы 1 000 000 теңге грантының иегері атанды. Бұл туралы Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі хабарлады. 

Бөлінген грант мұғалімнің кабинет ашуына үлес қосатын болады. 

«Қазақстан мұғалімі» сыйлығы аясында ауыл мектептеріне шағын гранттар беруді Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қоры қолға алған. Аталмыш жоба «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық наградасы Қазақстанның барлық аймақтарынан келген мұғалімдерге арналған бірегей марапат болып табылады . Бұл байқаудың мақсаты - жергілікті деңгейде білім берудің дамуына үлкен үлес қосқан мұғалімдерді қолдау және көтермелеу (тәрбиелеу арқылы, оқытудың жаңа әдістерін ойлап табу және т.б.), сонымен қатар олардың беделін және елдегі пелагог мәртебесін көтеру.

Айта кету керек, бұл жоба әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорының бастамасымен, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, Қолдау орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асуда.


    A+
Уақыты: 2021-10-08  Айдарша: Өңір
TAG: