Дәрігерлердің коммуналдық шығындарын мемлекет төлейді

Қысқаша

Дәрігерлердің коммуналдық шығындарын мемлекет төлейді

Screenshot_6.png

Сарыағаш ауданындағы «Көктөбе» бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталығында стоматологиялық, хирургиялық қызметтер де көрсетіледі. Мұнда анализдің барлық түрлерін талдап беретін лаборатория жұмыс істеп тұр. ЭКГ, басқа да қажетті медициналық құрылғылардың бәрі жеткілікті. 

Екі жыл бұрын пайдалануға берілген әсем ғимаратта орналасқан орталықта тәуліктік стационар да жұмыс істейді. Балаларға арналған 5 төсек орын мен ересектерге жасақталған 5 төсек орынға адамдар порталмен келіп жатып емделеді. Күндізгі стационар үш төсектік. Инсульт алған, бірінші топтағы мүгедек, басқа да дерттерімен жүріп-тұруы қиын пациенттерге дәрі-дәрмегін апарып беріп, үй жағдайындағы көрсететін дәрігерлік күтімі тағы бар. Мекеменің меңгерушісі Балжан Есенбекованың айтуынша, орталықта айына 16-17 пациент емделіп шығады. 

Медициналық ұйымға қарасты 6 фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 1 медициналық пункт бар. Оларда көшпелі дәрігерлер аптасына бір рет барып, медициналық тексерулер өткізіп тұрады. Басқа уақыттарда пункттерде фельдшерлер мен аймақтық мейіргерлер қызмет атқарады.

Орталықта ауылды жерлерде жұмыс істеуге келген дәрігерлер де бар. Жалпы тәжірибелі дәрігерлер Жәмилә Елубай, Нұрсұлу Қалдарбекова, Балнұр Дүйсеноваға мемлекет тарапынан пайызсыз несиемен үй алу көмегі берілген. Үшеуінің үйлерінің коммуналдық төлемдері ай сайын мемлекет тарапынан төленеді. 


    A+
Уақыты: 2021-10-06  Айдарша: Өңір
TAG: