Тіл мен білім – бәсекеге қабілетті қоғамды қалыптастыратын күш

Қысқаша

Тіл мен білім – бәсекеге қабілетті қоғамды қалыптастыратын күш

Тіл – халықтың жаны, әдебиет – рухының айнасы. Осы ұлы қазынаны зерделеп, келер ұрпаққа жеткізер жандарды даярлайтын ордамыз – Шымкент қаласындағы Орталық Азия Инновациялық университетінің «Тілдер және әдебиет» кафедрасы. Біз – тіл мен сөз өнерінің, білім мен ғылымның шырақшылары жетілетін алтын ұя.

Университет – Түркістан облысындағы көш басында тұрған оқу-ғылыми ордалардың бірі. Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, заманауи педагогикалық технологиялар мен халықаралық стандарттарға сай білім беру жүйесі – міне, біздің басты құндылықтарымыз. Білім алушыларымыз тек теориялық білім ғана емес, практикалық дағдыларды меңгеріп, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып шығады.

Білім беру бағдарламаларымыз:

    6B01704 – Қазақ тілі мен әдебиеті

    6B01702 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

    6B01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі

    6B02301 – Аударма ісі.

    Сондай-ақ инновациялық білім кеңістігіне бағытталған IP бағдарламалар:

    6В01711 – Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP)   

    6B01713 – Шетел тілдері (IP)

    6В01712 – Ағылшын тілі (IP) 

    Ерекше назар аударарлық жайт – Өзбекстан Республикасы, Низами атындағы Өзбекстан Ұлттық педагогикалық университетімен бірлескен қос дипломды бағдарламамыз:  

    6B01707 – Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)   

    Магистратурада үш бағыт бойынша терең ғылыми-педагогикалық дайындық аласыздар:

    7M01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

    7M01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі

    7M01703 – Орыс тілі мен әдебиеті

Магистратура бұл – ЖОО оқытушысы, ғалым-зерттеуші болудың, докторантураға өтудің алтын кілті.

Кафедраның аталған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлаудағы мақсаты:

    • жалпыадамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру;

    • мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттерді меңгеру;

    • жалпы тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы заманауи ғылыми тұжырымдамалар мен жетістіктер туралы ақпарат беру;

Білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау, педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару дағдыларын меңгеру; 

Білім алушыларға дүниетаным, өмірдің ғылыми және философиялық негіздері, руханият пен ұлттық сананың мәні туралы терең білім беру.

Міндеттері:

    • жалпы тіл білімі мен әдебиеттанудың заманауи ғылыми тұжырымдамалары мен жетістіктерін, тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемелік мәселелерін терең зерттеу;

    • аталған білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлауда ғылыми-теориялық инновациялық әдістерді қолдану;

    • жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар және ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болашақ мамандарда әлеуметтік-мәдени, лингвокоммуникациялық, экономикалық, жаратылыстану-математикалық, кәсіби, іргелі, көптілді, инновациялық – негізгі және арнайы құзыреттерді қалыптастыру;

    • оқу процесінде болашақ мамандардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін үштілді білім беруді пайдалану;

    • болашақ мамандардың педагогикалық және психологиялық құзыреттілігін дамыту;

    • магистратура мен докторантурада оқуды жалғастыру үшін қажетті дайындық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу.

Алдарыңызда ашық мүмкіндіктер

Біздің түлектеріміз – мектептер мен гимназиялардағы шебер мұғалімдер, жоғары оқу орындарындағы құрметті оқытушылар, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық қызметтегі аудармашы-тілмаштар, баспалар мен редакцияларда қызмет ететін филологтар. Сіз де осы жарқын болашақтың бір бөлшегі болуға лайықсыз!

Заманауи аудиториялар, жабдықталған лабораториялар, мектептерде өндірістік практика, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу, білім беру гранттары мен стипендиялар, жұмысқа орналасуға көмек – бәрі де сіздер үшін!

Болашағыңызды өзіңіз жазыңыз!

Егер жүрегіңіз тіл мен әдебиет сүйіп, халықаралық деңгейде қызмет етуді армандасаңыз, қос диплом алып, әлем елдерінде танылғыңыз келсе – біздің кафедра сіздің дұрыс жолыңыз. Мұнда сіз тек білім ғана емес, өмірлік тәжірибе, достар мен ұстаздар табасыз. Мұнда әр студент – болашақ жұлдыз, әр түлек – мамандығының шебері.

Орталық Азия Инновациялық университеті – сапалы білім мен жарқын болашақтың кепілі!

Біздің мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі №80

Орталық Азия Инновациялық университеті

«Педагогика және Тілдер» факультеті

«Тілдер және әдебиет» кафедрасы

Біз сіздерді асыға күтеміз!